Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желтоқсанда 600 адам коронавирус жұқтырған: Теңіз кен орнындағы жағдай белгілі болды

Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы Айжан Есмағамбетова теңіз мұнай-газ кен орнындағы коронавирустың таралуы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Теңізшевройл

"Атырау облысы коронавирус жұқтыру бойынша "қызыл" аймақта. Облыстағы негізгі сырқаттанғандардың 60 пайызы Теңіз кен орнының жұмысшылары. Теңізде кіріп-шыққандарды ПТР тестілеуден өткізуге байланысты, науқастар саны артып жатыр. Қараша және желтоқсан айларында аурушаңдықтың жоғарылауы байқалады. Сондықтан Теңіз кен орнында шараларды күшейту туралы шешім қабылданды. Қосымша карантин, қосымша сынақтар, кіруге және шығуға қосымша шектеулер, вахталық қалашық ішінде жұмысшылардың қозғалуына байланысты қосымша шектеулер енгізілді", - деді Есмағамбетова. 

Оның айтуынша, Теңізде желтоқсан айында коронавирустың 600 жағдайы тіркелген.

"Теңіздің  жұмысын тоқтату жоспарды жоқ. Біз кен орын басшылығымен жұмада талқыланған шаралар пакетін әзірледік. Әзірге шектеу шараларын күшейтетін боламыз", - деп қосты санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы.

Еске салсақ, осыған дейін Теңізде коронавирус жұқтырғандар саны қайта өсіп жатқаны туралы айтқан болатынбыз. Теңіз кең орнында тағы да коронавирус өршіп, 15 дәрігер жіберілді.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 28 Желтоқсан, 2020 15:25
Талқылау