Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңбыр мен бұршақ жауып, +44 °C-қа дейін аптап ыстық болады: Синоптиктер қазақстандықтарға ескерту жасады

ауа райы аптап ыстық

Фото: Ru.freepik.com

“Қазгидромет” 12–14 шілде аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстанның солтүстігі мен шығысында нөсер жаңбыр мен бұршақ жауып, дауыл тұрады, жел соғады. Тек оңтүстікте, оңтүстік-батыста, сондай-ақ 12 шілдеде батыс өңірлерде жоғары қысым алабының әсерінен ыстық әрі ашық ауа райы сақталады.

Республика бойынша жел күшейеді деген болжам бар. 

“Күндіз республиканың батысында ауа температурасы 35-39 градусқа дейін көтеріледі. Кейбір аудандарда аптап ыстық болады. Температура 40-42 градусқа дейін жетеді. 12-13 шілде күндері оңтүстік-батыста 39-44 градус, ал 14 шілдеде – 38-42 градус шамасында болады”, – делінген хабарламада.

Солтүстік өңірлерде күндізгі ауа температурасы сәл төмендеп, 17-25 градустан 15-23 градусқа дейін болады. Шығыста ауа температурасының негізгі ауқымы – 22-30 градус жылы. Ал оңтүстікте – 40-43 градус, оңтүстік-шығыста – 35-38 градусқа дейін ыстық болады. 

Айым Болатқызы
Жұма, 11 Шілде, 2025 15:17
Талқылау
`