Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысының әкімі өңірдегі орташа жалақы республика бойынша ең төмен деңгейде екенін айтты

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өңірдегі орташа жалақы көлемін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Аймақ басшысы жалақы көлемі басқа өңірлермен салыстырғанда ең төмен екенін жеткізді. 

“2023 жылғы 3 желтоқсанның қорытындысы бойынша облыстағы орташа номиналды табыс – 130 мың теңге болса, орташа жалақы –257 мың теңге, ал медианды жалақы – 212 мың теңге болды.  Әрине, облысымызда жалақының деңгейі басқа өңірлермен салыстырғанда ең төмен деңгейде. Біз негізі традициялық түрде солай қалып отыр. Біріншіден, оны арттыру үшін бізге ірі индустриялық жобаларды іске қосып, экспортты ұлғайтып, жаңа жұмыс орындарын ашып, жалақының көлемін арттыру керек. Халықтың жағдайын көтеру ең өзекті мәселенің бірі”,- деді Ербол Қарашөкеев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Еске салайық, бұған дейін Абай облысының әкімі өңірде орташа жалақы көтерілгенін айтқан еді. Сондай-ақ, Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев өңірдегі орташа жалақыны атап, өзі аймақ басшысы ретінде қанша алатынын айтты.

Талқылау