Жамбыл облысында ер адам Tik-Tok-тағы видеосы үшін сотта жауап берді
Жамбыл облысының тұрғыны Tik-Tok желісінде жариялаған видеосы үшін сот алдында жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жамбыл облыстық сотының мәліметінше, Мойынқұм аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 73-3-бабының 2-бөлігімен (жала жабу) азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
"2023 жылдың қазан айында азамат А. "Tik-Tok" әлеуметтік желісінде жәбірленуші С.-ның жеңіл жүрісті қыз екенін айтып, оның ар-намысына нұқсан келтіретін көрінеу жалған ақпарат тарататын видео жариялаған", – делінген сот хабарламасында.
Сот барысында айыпталушы А. өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін жеткізді. Жәбірленуші А.-ны кешіріп, іс жүргізуді тоқтатуды сұрады.
Сот қаулысымен А., әкімшілік жауапкершіліктен босатылып, тараптардың татуласуына байланысты іс жүргізу тоқтатылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Кәсіпкерлер Қаржы министрлігінің "таза парағына" наразылық білдірді: Компанияларға айыппұлдарды кешіруге рұқсат берілмеді
Кәсіпкерлер жаңа талаптарға байланысты наразылық білдіріп жатыр