Жамбыл облысында блогер әлеуметтік желідегі видеосы үшін қамауға алынды
Видеодан скрин
Жамбыл облысында блогер әлеуметтік желідегі видеосы үшін 10 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полицияның мәліметінше, блогер жергілікті супермаркеттердің бірінің жарнамасын түсіру кезінде қоғамдық тәртіпті бұзған.
Жас жігіт желі қолданушыларының назарын аудару мақсатында автокөліктің алдыңғы әйнегін сындырып, көліктің жолаушысына дауыс көтерген. Видео әлеуметтік желіде тарады.
"Гүлге тапсырыс беріп, ақшасын төлемеген": Атырауда танымал блогер алаяқтық жасағаны үшін сотталды
Төрт қазақстандық блогер 2,2 миллиард теңге табысын жасырып қалған
Құқық бұзушы анықталып, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылды. Осылайша, блогер үшін супермаркеттің жарнамасы 10 тәулікке қамалумен аяқталды.
Полиция қызметкерлері азаматтарға қоғамдық орындарда заңды сақтаудың және жалпы қабылданған тәртіп ережелерін орындаудың маңыздылығын еске салды.
Еске салсақ, бұған дейін атыраулық блогер Тоқаевты балағаттаған видеосы үшін қамауға алынғаны туралы жазған едік.

Маңғыстауда тұрғындардың үйлерін, көшелерін қоңыз басты: Аумақтық инспекция жәндіктермен күресті халықтың өзіне қалдырды (видео)
