Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұйықтарда киетін киіммен асылып қалған": Алматы облысында 11 жасар оқушы қыз өз-өзіне қол жұмсады

Алматы облысы Гүлдала ауылының 5-сынып оқушысы өз үйінде асылып тұрған жерінде табылған. Полиция тергеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Орын алған қайғылы оқиға туралы мәліметтер желілерде тараған. Бұл хабарларда атышулы "Көк китті" еске түсіретін онлайн ойынының кесірінен ауылдағы №21 мектептің оқушысы асылып өлгені туралы айтылады. Алайда бұл оқиға туралы алып қашпа әңгімелер тек әлеуметтік желілер чатында ғана емес, тұрғылықты тұрғын да оқиға туралы естігенін айтқан.

Сондай-ақ, ауыл тұрғыны балалардың онлайн оқытуға көшкенін, мектеп әкімшілігінің жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша дәмханаға орналасқанын жеткізген.

Оқушы қыз оқыған мектеп директоры Қуаныш Айтбаев бесінші сынып оқушысы өз үйінде асылып қалғанын айтқан. Оқиға 16 қыркүйекте болған.

"Мектебімізде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Балалар қашықтан білім алып жатыр. Қайғылы оқиға болған кезде біз де қашықтан оқытып жатқанбыз. Біз оны жүйеге қосылмаған соң іздей бастадық. Қоңырау да шалдық, бірақ көтерген жоқ. Әжесіне хабарласып едік, ол да сөйлесе алмай отырғанын айтты. Ағасы үйіне келіп, сондай күйде тауып алған. Ол таңертең, ұйықтарда киетін киіммен асылып қалған. Ешкіммен дауласпаған. Өте көңілді әрі белсенді қыз болатын", - дейді мектеп директоры.



Марқұм қыз өзінің әжесімен және ағасымен бірге тұрған. Ата-аналары ажырасып, әкесі де, анасы да жаңа отбасын құрған көрінеді.

"Сол күні ол соңғы рет барлық туыстарымен бейнеқоңырау арқылы сөйлескен. Анасымен, әжесімен, әкесімен де. Өзінің жағдайы жақсы екенін айтқан. Бірақ түскі сағат 12-де ол қоңырауларға жауап бермей қояды. Ал ағасы оны дереу іздеуге көшеді. 

Ол үйге сағат бірлер шамасында келеді. Бұл уақытта оның сыныптастары да, ұстаздары да іздеуге кіріскен еді. Ол екінші ауысымда оқыды. Біз бұл уақытта Талғарда жиналыста болғанбыз. Қайғылы оқиғаны ести сала бірден жиналысты тастап, жолға шықтық", - деп еске алады Айтбаев.

Суицидке итермелейтін ойын жайлы қауесеттер әлі расталмаған. Алайда мектеп директоры қыздың телефонынан шынымен де күдікті Telegram чаттардың табылғанын атап өтті.

"Бізге анонимді танысатын арналардың бар екенін айтты. Бұл куәгерлердің сөзі. Айтуларынша, онда орыс, белорус, өзбек, украин нөмірлері бар екен. Ол сол жерде біреумен сөйлескен, бірақ нақты не жайлы екені белгісіз", - деп түсіндіреді мектеп басшысы.

Оның айтуынша, сараптама зорлықпен өлтіру белгілерін таппаған.

Бүгін, 21 қыркүйек күні Алматы облысының Полиция департаменті 16 қыркүйек күні Талғар аудандық ПБ-ға Гүлдала кентінде жас қыздың мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскенін хабарлады.

"Аталған факті ҚР ҚК-нің 105-бабы 3-бөлігі бойынша Талғар аудандық ПБ-да тіркелді. Тергеу барысында 11 жастағы қыздың өз-өзіне қол жұмсағаны анықталды. Тергеу жалғасуда", - делінген полиция жауабында.

Талқылау