Ұлттық банк әлеуметтік желілерде валютаны заңсыз сатушылардың жауапқа тартылатынын айтты
Қазақстан Ұлттық банкі әлеуметтік желілер мен интернет сайттарында валюта алыпсатарларына жауапкершілік жүктелетінін ескертті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Ұлттық банк лицензиясыз айырбастау операцияларын жүргізу ҚР ӘҚБтК-нің 155 және 463-баптарына және қылмыстық кодекстің 214-бабына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделген заңсыз кәсіпкерлік қызметке жататынын ескертеді. Интернет платформалар мен әлеуметтік желілер арқылы биржа операцияларын заңсыз жасап жүрген делдалдар жалған ақша жасаушылардың көбею қаупін арттырады”,- деді банк.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын тек қана екінші деңгейдегі банктер мен банктік емес айырбастау пункттері өздеріне берілген лицензияға сәйкес жүзеге асыруға құқылы.
-
Еуразия экономикалық одағы мен Қытай арасында "ортақ валюта" пайда болады: Министрлік пікір білдірді
Қазіргі уақытта Қазақстанда да төлем карталарына онлайн-банкингті пайдалана отырып валюта айырбастаудың баламалы көздері қарастырылған. Олар тәулік бойы қолжетімді әрі қауіпсіз жұмыс істейді. Ұлттық банк мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен бірлесіп қолма-қол шетел валютасының ішкі нарығындағы жағдайды үнемі қадағалауда. Жолдауда атап өтілгендей бүгінде қолма-қол шетел валютасымен қамтамасыз ету жағдайы тұрақтанды. Тұрғындар тарапынан да қатты сұраныстар байқалмайды. Еліміздің ішкі валюта нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге жәрдемдесу мақсатында Ұлттық Банк қажет болған жағдайда екінші деңгейлі банктерге қолма-қол шетел валютасымен қолдау көрсетеді.
Еске салсақ Қазақстанда ғаламтор желілерінде алыпсатарлар 1 доллардың құнын 1 000 теңгеге дейін көтеріп саудалаған болатын.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
