Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ВТБ (Қазақстан) банкі халыққа ең қолайлы несиелерді ұсынады

Банк беретін несиенің жаңа істі бастауда, мақсатымызды жүзеге асыруда көмектесетіні рас. Елімізде қаржылық қызметтерді көрсететін мекемелердің бірі ВТБ (Қазақстан) банкі қазақстандықтарға ең қолайлы несиелерді ұсынады. Stan.kz ақпарат агенттігі несиелермен, қызметтермен танысып шығып, үздіктерін анықтады.

vtb

ВТБ тобы — 20 несиелік және қаржылық компанияларды біріктіретін, қаржылық нарықтың негізгі сегменттерінде жұмыс істейтін қаржылық топ. 

Қазақстанда он жыл көлемінде жұмыс істейтін банк жеке тұлғаларға несиенің бірнеше түрін: Қолма-қол ақшамен кепілсіз несиені, Автонесиені, Депозитті кепілге қойып қолма-қол ақшалай несиені, Тауарлар мен қызметтерге арналған тұтынушы несиені ұсынады.

Қолма-қол несие —  ең қолайлы әрі бес жылға дейінгі мерзімге берілетін қарапайым кепілсіз несиелердің бірі. 15% бастап (тиімді жылдық сыйақы мөлшерлемесі  - 16 % бастап) 5 миллион теңгеге дейін кепілсіз несие алғыңыз келсе, онлайн форманы толтырып немесе жақын маңайдағы банк бөлімшесіне барып, несиеге өтініш қалдыра аласыз. Банк қарыз беру барысында өтінішті қарау және қарыз беруді ұйымдастыру үшін  сізден өтемақы алмайды. 

Темір тұлпар мініп жүрген адамдарға қызыға қарап, көлігіміз болғанын жан-жүрегімізбен қалаймыз. Бүгінгі күні автонесиенің арқасында көптеген адамдардың арманы орындалып жатқаны рас. ВТБ (Қазақстан) банкі автонесиенің бірден төрт өнімін ұсынады. Олар: Авто-Trade-in, Авто-Стандарт, Авто-Икемді, Жеңілдікті авто.     

Авто-Trade-in атты несие өнімі 1 жылдан 5 жылға дейін 450 000 теңгеден бастап 15 000 000 теңгеге дейін беріледі. Ол автонесиені қайта қаржыландырудың арқасында жаңа көлікті сатып алуға арналған.  Қайта қаржыландыру да 450 000 теңгеден  5 000 000 теңге көлеміндегі соманы құрайды. Алғашқы жарна сомасы мінілген көліктің келісімді бағасына байланысты бекітіледі. Несие өнімінің тиімді жылдық сыйақы мөлшерлемесі 3,05 % басталады.

Авто-Стандарт атты несие өнімі де 1 жылдан 5 жылға дейін 450 000 теңгеден бастап 15 000 000 теңгеге дейін беріледі. Авто Стандартты рәсімдеп, жаңа көлік сатып алуға болады. Алғашқы жарнасы сатып алынған жаңа көлік құнының 10 пайызынан басталады. Несие өнімінің тиімді жылдық сыйақы мөлшерлемесі 21, 96 % басталады.

Авто-Икемді несие өнімінің сомасы 1 000 000 теңгеден басталып 15 000 000 теңгеге дейін жетеді. Ол  2  жылдан 3 жылға дейін беріледі.  Алғашқы жарна сатып алынған жеңіл көлік құнының 30 пайызынан басталады. Тиімді жылдық сыйақы мөлшері 12,70 % басталады.

Жеңілдікті авто несие өнімі Қазақстанда жасалған автокөліктерді сатып алу үшін  2 жылдан 7 жылға дейін  беріледі. Егер отандық темір тұлпарларды мінгіңіз келсе, 2 250 000 теңгеден 13 500 000 теңгеге дейін несие ала аласыз. Елімізде жасалған көліктің құны 15 000 000 теңгеден аспауы тиіс. Алғашқы жарна көлік құнының 10 пайызынан басталады. Тиімді жылдық сыйақы  мөлшері 4,1 % басталады. 

банк

Депозитті кепілдікке қойып берілетін несие қауіпсіз әрі тиімді қызмет ретінде танымал. ВТБ (Қазақстан) банкі ұсынған кепілдікке берілетін қолма-қол несие депозит бойынша сыйақыны төлеуге мүмкіндік береді. Ол кез келген тұтынушылық мақсаттарға арналған. Сондай-ақ, оның көмегімен шоттан ақшаны комиссиясыз шешіп алуға болады. Осы несиені алсаңыз, банк өтінішіңізді қарағаны үшін өтемақы ұстамайды.

Несиені алып, 3 айдың ішінде жауып тастасаңыз, мерзімінен бұрын өтегеніңіз үшін де комиссия алмайды. Несиенің ең аз деген сомасы 100 мың теңге. Ең үлкен сома кепілдікке қойылған ақшаның сомасына қарай бекітіледі. Несие кем дегенде 1 жылға беріледі. Кепілдікке депозитті қойған кезде несие беру мерзімі 5 жылдан аспайды. Қарыз алушыға немесе үшінші тұлғаға тиесілі ақша банкке кепілдікке берілген кезде банктің шартты салымында үлестіріледі. 

Қарапайым тұрмысқа қажетті заттарды сатып алу үшін де несиенің керек екені түсінікті. Банктің тауар мен қызметтерді сатып алуға арналған несиесі осы мақсатты жүзеге асыру үшін пайда болған.  Бұл қызметпен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Талдықорған, Орал, Атырау, Қарағанды қаласының тұрғындары пайдалана алады. Банк серіктестері ұсынған тауарларды, қызметтерді жоғарыда аталған қалалардың сауда орталығынан табуға болады. Осы қызметті пайдалана отырып сіз жиһаз, тұрмыста қолданатын ірі және шағын техниканы, ұялы телефондарды, авто бөлшектерді, құрылыс материалдарын, ТБС қызметтерді, медициналық қызметтерді ұсынады. 

Несие 15 000 теңгеден 3 000 000 теңгеге дейін 3 ай мен 3 жыл аралығында беріледі. Алғашқы жарна 0-99 пайыз аралығында тауар мен қызметтің түріне қарай анықталады. Қазақстандықтар несиенің ай сайынғы төлемін банк бөлімшелері арқылы ғана емес, интернет-банкинг пен ақпаратты-төлемдік терминалдар арқылы, "Қазпошта" АҚ-ның 3500-нан асатын бөлімшелерінің көмегімен төлей алады. 

Толық ақпаратты кез келген ұялы телефоннан ВТБ (Қазақстан) банкінің анықтамалық қызметі - 5050 нөміріне хабарласып немесе осы гиперсілтеме арқылы банк сайтына өтіп алуға болады. 

 

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ - ҚР ҚНРДА 03.02.2020 ж. № 1.2.14/39 лицензиясы.

Талқылау