"Үшінші күштерге қантөгіс қажет болды": Мұхтар Жәкішев еліміздегі қаңтар оқиғасының себеп-салдарын атап берді
Қазақстандық бизнесмен және Қазатомпромның бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев Арманжан Байтасов Youtube арнасына сұхбат берді. Әңгіме барысында қоғам белсенділері қайғылы қаңтар оқиғалары жөнінде ой қозғап, көптеген мәселелерге жауап табуға тырысты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Мұхтар Жәкішевтің сөзінше, елімізде қаңтар айында болған оқиғаларға міндетті түрде саяси баға берілуі тиіс. Қаңтар айының басында ол өзінің коронавирус жұқтырып, ауырып қалғанын айтады. “Осы оқиғалар болған кезде мен ауырып жаттым. Оқшаулау кезеңі болғандықтан ешқайда шыға алмадым” – дейді ол.
Бұрынғы бизнесмен орын алған оқиғалардың әсерлері алдағы уақыттарда белгі беретінін айтады.
"Халықтың алаңға шығуының басты себебі өз талап арыздарын конституциялық тұрғыда билікке жеткізе алмауында. Адамдарда мұндай мүмкіндік болмағаннан кейін, олар өз талаптарын митингке шығу арқылы жеткізуге тырысады. Орын алған жағдайдан алған әсерлеріме келетін болсам, барлығы үйреншікті сценарий бойынша басталды. Адамдар алдымен алаңға шықты, ал полиция оларды қайтаруға тырысты. Кейіннен осы бейбіт басталған шеруді қанды қырғынға жеткізген зорлық-зомбылық әрекеттері болды. Яғни үшінші күш пайда болды. Және өздерінің нақты саяси талаптары жоқ, тек қирату мен өртеуді алдына мақсат еткен топтың келуінен бұрын құқық қорғаушылар орындарын тастап кетеді. Бұл үлкен сұрақ. Яғни бұл үшінші күштердің артында қолында билігі бар адам тұр деген сөз. Себебі полицейлерге мұндай бұйрық беру үшін де үлкен билік қажет. Олар сіз бен біздің айтқанымызға бағынбайды", – деп түсіндіреді Жәкішев.
Ол қазір қоғамдағы басты сұрақ – осы үшінші күштердің артында кім тұрғанын білу екенін айтады. Сөзінше, нақты ақпараттар мен дәлелденген жауапты қазір қоғам күтіп отыр. Егер бұған нақты жауап болмаса коғамда үлкен наразылық болады.
Халықтың алаңға шығуына не әсер етті?
Мұхтар Жәкішевтің айтуынша, қазіргі уақыттағы үлкен мәселелердің бірі – қоғам арасындағы сызат. Осы оқиғалардан кейін қоғам арасында үлкен алшақтық пайда болған.
"Халықтың алаңға шығуына басты себеп – өзінің әлеуметтік жағдайына көңілінің толмауы. Мәселен, халықтың бір бөлігі ақшасын жеткізе алмай, айлықтан айлыққа дейін күнелтіп жүрсе, екінші бөлігі керісінше ақшасын қайда жаратарын білмейді. Бұның барлығы әлеуметтік теңсіздіктің салдары. Осының барлығы жиналып келген және жоғарыда айтқанымыздай халықта мұны билікке жеткізудің басқа амалы қалмаған.
- "Оқ атқан әскерилер қазақша сөйледі": Алматыда қаңтар оқиғалары кезінде бір әулеттің мүшелерін тапа тал түсте қырып салған
- "1986 жылғы репрессиядан 100 есе асып түсті": Желтоқсаншылар қаңтар оқиғасына қатысушыларды босатуды талап етті
Тағы бір осы қаңтар оқиғаларымен бірге қатар тұратын үлкен мәселе – қоғам арасындағы сызат. Осы оқиғалардан кейін қоғам арасында үлкен сызат пайда болды, яғни біз оқыған-оқымаған болып, ауылбай-қалалық болып сондай-ақ бай-кедей болып бөлініп кеттік. Және бұл қоғам арасындағы алшақтық қазіргі уақытта да жалғасуда. Бізге бір реформа жасау үшін алдымен халықты бір мақсаттың төңірегіне шоғырландырып алу қажет", – деп түсіндіреді ол.
Еліміздегі наразылық барысында үлкен қақтығыс Алматы қаласында өткені белгілі. Ал Алматы үлкен қала, мұнда халық саны да көп. Сол себепті болашақта осы аумақта орын алған оқиғалардың орнын толтыру үшін не істеуі керек деген сауалға Жәкішев былай жауап берді.
"Біріншіден, қоғам арасындағы сызат үлкейіп кетпес алдын қазір өз отандасарының тағдыры үшін шешім қабылдап жатқандарға мынаны айтар едім. Шешім қабылдамас бұрын бұл сіздердің отандастарыңыз екенін естен шығармаңыз. Олардың орнында сіз де болуыңыз мүмкін еді және олар сіздің орныңызда. Бірақ бұл сіздің халқыңыз, басқа халық сізде жоқ. Сізде бұдан жақын адам да жоқ. Ешқандай америкалық немесе француз азаматы бір отанда тіршілік ететін адам секілді жақын болмайды. Сіздің балаларыңыз осында өмір сүреді, сізде осында өмір сүресіз. Біздің барлығымыз бұл мемлекеттің жақсы жаққа өзгергенін қалаймыз. Сондықтан шешім қабылдарда бұл сіздің отандастарыңыз екенін ұмытпаңыз", – дейді ол.
Болашаққа қадам
Жәкішев қазіргі БАҚ беттерінде жазылып жүрген адамдарды ұстап алып кеткен, тергеген және аяусыз соққы жыққан оқиғалар жөнінде тоқталды.
"Сіздер қазір террорист ретінде көрсеткілеріңіз келіп жатқан адамдар, шындығына келгенде, кінәсіз жандар. Олар сіздердің әріптестеріңіздің немесе достарыңыздың қаза тапқанына жазықты емес. Бұған ең басты жазықты – ол үшінші күш. Ал қарапайым халық арасынан да, қауіпсіздік күштері арасынан да құрбан болған жандар олар – жазықсыз қаны төгілгендер. Оларды үшінші күш өз пайдасына пайдаланған. Себебі ешқандай тәртіпсіздік қантөгіссіз болмайды. Сіздер мұны жақсы түсінулеріңіз қажет. Олар сіздерге жау емес, сіздердің отандастарыңыз. Сондықтан сіздерге қалай қарасын десеңіздер алдымен қарапайым халыққа солай қараңыз. Бұл меніңше біздің қоғамның арасын жақындатуға және ұлттық мүддемізді жүзеге асыруға көмектесетін бірден бір жол. Осы қадамды жасайық. Өйткені бүгін жіберілген кез келген әділетсіздік болашақта көрінеді", – деді бұрынғы бизнесмен.
Тәртіпсіздіктер қайталанбауы үшін қандай реформа қажет?
Бұрынғы бизнесмен алдағы уақытта тәртіпсіздіктердің алдын алу үшін жасалуы қажет реформалар жөнінде айтты.
"Алаңға шыққан адамдар өзінің болашағын осы елмен байланыстыруы тиіс. Өмірінде мақсат пайда болуы керек. Ең алдымен жұмыс орындарын ашудан бастау қажет. Білім алған, жұмыспен қамтылған азаматтар өздерінің жарқын болашағын сезген сәттен бастап ойы да өзгеретін болады", - деп түсіндіреді Жәкішев.
Спикер елімізде үнемі айтылатын "Алдымен экономика, содан соң саясат" ұғымының қате пікір екенін айтады. Жәкішев бұл жөнінде экономикалық қателік жіберген елдерді салыстыра отырып айтып берді.
"Мысал үшін Солтүстік Корея мен Оңтүстік Кореяны алайық. Екі елде де бір халық, бір дәстүр, бір тілде сөйлейді, барлығы бірдей. Екі ел тек саяси жүйелерімен ғана ерекшеленеді. Осы екітүрлі жүйенің арқасында оңтүстігі өркендеп ал солтүстігінің халқы аштықпен бетпе бет келіп отыр. Тағы да Германияның біріккенге дейінгі ФРГ мен ГДР-ін алып қарайық. Елдің шығыс бөлігінің батысты Германияға сәл болса да теңестіруі үшін 10 жылға жуық уақыт кетті. Бұл жерде де саяси жүйенің әсері. Сондықтан біз саяси жүйе жайлы айтар кезде оның ел экономикасының басты іргетасы екенін ұмытпауымыз қажет", – деп қосты Жәкішев.
- "Өз басшыларына шабуыл жасайтын халықтың болашағы бұлыңғыр": Тоқаев Назарбаев туралы ойын айтты
- "Дәлелдеріміз бар": Human Rights Watch халықаралық ұйымы Қазақстанда шерушілерге оқ атқан оқиғалар туралы айтты
Жәкішев мемлекеттік қызметке қайта баруы үшін қандай шарттар қоятыны жөнінде тоқталды. Оның айтуынша, өзін ешқашан мансап пен қызмет қызықтырған емес. Тек елдің мүддесі үшін қызмет етуге әрқашан дайынмын дейді ол.
"Бір ғана жағдайда барамын. Егер менің атқаратын жұмысым реформа қабылдауға әсер етсе ғана. Ал тек халықты басу үшін немесе тыныштандыру үшін ғана шақыратын болса мен түбегейлі қарсымын. Себебі бұл менің білімім мен беделім. Мен өз білімімді тек көзбаяушылық үшін қолданғым келмейді. Мені ешқашан мансап мен қызмет қызықтырған емес. Егер менің жұмысым елді өзгертуге әсер ететін болса, ия мен дайынмын. Ал бұдан өзгеге уақытымды жоғалтқым келмейді", – деп түсіндірді ол.
Мұхтар Жәкішев үстінен қозғалған қылмыстық іске қатысты қарсы шағым түсіру мәселесін ашып айтып берді.
"Менің үстімнен қозғалған қылмыстық істі қайта қарау 2015 жылы Женева қаласында өтті. Жүздеген судьялар қатысқан халықаралық сот барлық істі қарап шығып, мені заңсыз түрмеде отырғаным туралы үкім шығарды. Бұл дегеніміз Қазақстан заңы бойынша заңсыз сотты болғанмын. Ал бұл халықаралық сот 2015 жылы өтіп кетті. Сол уақытта халықаралық сот мені дереу босату туралы үкім шығарған. Ал қазіргі кезде қарсы шағым түсіруді ойламаймын, себебі одан келіп кетер пайда жоқ. Еліміздің сот жүйесі өзгермей тұрып онда барудың қажеті шамалы. Ең бастысы мені халықаралық сот ақтап алды. Ал оның шешімі Қазақстанның жоғары сотынан бір саты жоғары тұрады", – деді Жәкішев.