AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"1986 жылғы репрессиядан 100 есе асып түсті": Желтоқсаншылар қаңтар оқиғасына қатысушыларды босатуды талап етті

1986 жылғы желтоқсан көтерілісіне қатысушылар 2022 жылғы қаңтардағы бейбіт митингіге шыққандарды қолдау мақсатында үндеу жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желтоқсаншылар 35 жыл бұрын әділетсіз билікке қарсы наразылыққа шыққандарын және салдарынан көптеген негізсіз жауапқа тартылғандарын айтты. Сөздерінше, сол кездегі билік пен ішкі істер қызметкерлері қызметі асыра пайдаланып, істемеген қылмыстарды мойындарына ілген.

“Бізге ұлтшылдар, нашақорлар, маскүнемдер, бұзақылар деп жала жауып, дүниежүзіне масқаралап, қылмыскер деп атап, алдын ату жазасына кесті, кейінгілерді 10-15 жылға бас бостандығынан айырды", - деді олар.

Қаңтар оқиғасына байланысты олар халықтың мұң-мұқтажын айтқан кінәсіз қазақтардың түрмеде отырғанын айтты.

“Жазықсыз жандарды түрмеде азаптап, зорлық-зомбылық көрсетіп, істемеген қылмысты мойнына іліп отыр. Бұл жөнінде бүкіл әлем жариялап, жар салуда. Құзырлы орган қызметкерлері өз өкілеттігін асыра пайдалануда. Тіпті түрлі жарақатпен ауруханада жатқан жаралыларды алып шығып, күш қолданып, кінә тағуда. Ол ешқандай адамгершілікке жатпайды. Бүгінгі күні қаңтар көтерілісіне қатысқан жастарға қарсы қолданылып жатқан айуандық әрекеттер 1986 жылғы репрессиядан 100 есе асып кетті. Елім, жерім деп бейбіт шеруге шыққан халық ешқандай террорист емес. Біз, Желтоқсан ардагерлері еліміздің түрмелерінде болып жатқан айуандықты шұғыл түрде тоқтатып, оларды бостандыққа шығаруды талап етеміз”, – деді желтоқсаншылар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр