AAPL
141.66 $
2.45 %
TSLA
737.12 $
4.52 %
NDAQ
159.28 $
0.64 %
GOOGL
2359.5 $
5.11 %
FRHC
41.06 $
2.65 %
AAPL
141.66 $
2.45 %
TSLA
737.12 $
4.52 %
NDAQ
159.28 $
0.64 %
GOOGL
2359.5 $
5.11 %
FRHC
41.06 $
2.65 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өз басшыларына шабуыл жасайтын халықтың болашағы бұлыңғыр": Тоқаев Назарбаев туралы ойын айтты

Бүгін Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезі өтуде. Съезінде Мемлекет басшысы бірауыздан "Nur Otan" партиясының Төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Назарбаев пен Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев сөз басында қаңтар оқиғалары туралы айта кетті.

“Өздеріңізге мәлім, қаңтар айының басында халқымыз қайғылы оқиғаларды бастан өткерді. Өкінішке қарай, бейбіт митингілерді  радикалды күштер өз мақсатына пайдаланып кетті. Лаңкестер  мемлекетімізге шабуыл жасап, ел тыныштығын бұзды. Олар билікті басып алуға тырысты.

Біз шұғыл шаралар қабылдап, лаңкестерге, қарақшыларға тойтарыс бердік. Заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қалпына келтірдік.   Мемлекетіміздің тұтастығын сақтап қалдық.

Құзырлы органдар кінәлі адамдарды анықтап, жауапқа тарту үшін тергеу жүргізуде. Бұл жұмыс тек заң аясында жүзеге асырылатынына күмән болмауға тиіс. Бәрі Бас Прокуратураның және менің жеке бақылауымда болады.  Адам құқығын міндетті түрде сақтаймыз.

Бұдан былай мұндай қасіретке жол бермейміз.  Халқымыз бірлігінің арқасында осы сын-қатерге төтеп берді. Қазір алдымызда барлық саланы қайта жаңғырту міндеті тұр. Бұл – мемлекеттік аппаратты ғана жаңарту деген сөз емес”, – деді Тоқаев. 

Сондай-ақ президент қоғамдық құндылықтар жүйесіне, саяси және әлеуметтік-экономикалық салаларға түбегейлі өзгеріс енгізу қажет екенін айтты.

“Осы ретте азаматтық қоғам институттарына зор міндет жүктеледі. Әсіресе саяси партиялар айрықша рөл атқарады”, – деді ол. 

Осы тұста Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің іргесін қалауда Нұрсұлтан Назарбаевтың қосқан үлесі туралы да айта кетті. 

“Қазір ел ішінде түрлі жағымсыз әңгімелер тарап жатқанын білемін. Осыған байланысты Мемлекет басшысы ретінде тағы да қайталап айтамын. Тұңғыш Президентіміз елімізді іргесі берік мемлекетке айналдыру үшін зор еңбек сіңірді.

Тұңғыш Президенттің тарихи еңбек сіңіргенін ұмытпайық. Түптің түбінде әділ және шыншыл болуымыз керек. Өткенін қаралаған халықтың болашағы жоқ. Өткен заманды жоққа шығаратын, өз басшыларына шабуыл жасайтын халықтың болашағы екіталай әрі бұлыңғыр. Кемшіліктер Америка президенттері мен Қытай басшыларында да, тіпті қазір барлығы мақтап еске алатын сингапурлық көшбасшы Ли Куан Юда да болған", – деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Мемлекет басшысы Сингапурдың да, АҚШ-тың да, Қытайдың да халықтары мен билеуші топтары өз басшыларының қадір-қасиетін кемшіліктерден жоғары қойып, қос ұғымды ажырата білгенін айтты. Өйткені, жұмыс істемейтін адамның ғана қателеспейтіні бұрыннан белгілі.

"Тұңғыш Президенттің тарихи еңбегіне құрмет көрсетейік, оның сөзсіз жетістіктері мен қадір-қасиеттерін бірінші орынға қояйық, ал болуы мүмкін жаңылыстарды еліміздің болашақ басшыларына ғибрат етіп қалдырайық", – деді Тоқаев.

Айта кетсек, бұған дейін "Nur Otan" Төрағасы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев болған. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр