Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үш қазақстандық боксшы Польшада WBA және WBO титулдары үшін жұдырықтаспақ

Польшаның Люблин қаласында 1 қазан күні кәсіпқой бокс кеші өтеді. Онда қазақстандық үш боксшы өнер көрсетпек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

  • Мейірім Нұрсұлтанов (17-0, 10 КО) орта салмақтағы WBO International титулын аргентиналық Марсело Косереске (31-4-1, 17 КО) қарсы қорғайды;
  • Бекман Сойлыбаев (14-1, 5 КО) оңтүстік африкалық Сифосету Мвулаға (16-4-1, 7 КО) қарсы WBA Inter-Continental супер жеңіл салмақтағы чемпиондық титулға таласады;
  • Бекзад Нұрдәулетов (5-0, 2 КО) грузин спортшысы Яго Кизириямен (6-8, 4 КО) жұдырықтасады.

Люблиндегі бокс кеші Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де басталады.

Сондай-ақ андеркартта қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (42-2-1, 37 КО) бұрынғы қарсыласы поляк Камиль Шереметаның (22-2-1, 6 КО) өнер көрсетпек. Ол украиналық боксшы Владислав Геламен (12- КО) жұдырықтасады.

Талқылау