Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үш әуе компаниясы бортта пауэрбанктерді пайдалануға тыйым салды

Фото: shutterstock

Emirates, Turkish Airlines және Pegasus Airlines әуе компаниялары ұшу кезінде пауэрбанктерді пайдалануға тыйым енгізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Сіз қуаты 160 ватт-сағаттан аспайтын портативті қуаттау құрылғысын (пауэрбанк) қол жүгінде алып жүре аласыз (оны жүкке тапсыруға болмайды), бірақ бортта қолдануға рұқсат жоқ", — деп бұл жаңалықты Turkish Airlines компаниясының колл-орталығы Profi.Travel-ге түсіндірді.

Түркия Көлік министрлігінің пауэрбанктерді бортта қолдануға тыйым салу жөніндегі ұсынымын Asiana Airlines әуе компаниясының ұшағында болған оқиға түрткі етті. Өткен аптада Ыстамбұлдан Сеулге бағыт алған ұшақтың бір жолаушысы пауэрбанкін орындықтардың арасына түсіріп алғандықтан, әуе лайнері ұшып шыққан әуежайына қайтуға мәжбүр болды. Көлік министрі сондай-ақ Корея Республикасында ұшақ бортында пауэрбанк салдарынан өрт шыққанын еске салды.

Апта соңында екі түрік әуе тасымалдаушысына Emirates компаниясы да қосылды. Ол 1 қазаннан бастап бортта пауэрбанктерді пайдалануға тыйым енгізеді.

Үшінші елдерге қосымша рейстермен ұшатын жолаушылар үшін бұл шектеу белгілі бір қолайсыздық туғызуы мүмкін: барлық ұшақтарда гаджеттерді қуаттауға арналған USB-ұяшықтары бола бермейді.

Айнұр Мұхади
Сенбі, 09 Тамыз, 2025 20:10
Талқылау
`