Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда үлгілі полицей миллион теңге пара сұрағаны үшін сотталды

Нұр-Сұлтан өзінің үлгілі қызметімен көзге түскен полиция қызметкері 7 жылға сотталды. Елордалық ПД-нің экс-испекторы болған Азамат Балтабаев екінші дәрежелі Айбын орденінің иегері бола тұра дәрігерден миллион теңге көлімінде пара сұрағаны үшін жазаланып отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Республикада батыр полицей атанған Азамат Балтабаев осыдан екі жыл бұрын мүгедек қарт пен ер азаматты өрттен арашалап қалған еді. Бұған қоса ол тағы да екі адамның өмірін аман алып қалған екен. Дегенмен осы жылдың наурыз айында оның үлгілі қызметіне көз тиген көрінеді.

Өзінің қызметісімен бірге ұлттық нейрохирургия орталығының басқарма төрағасы Серік Ақшолақов мас күйінде ұстап, артынша заңбұзушылықты жасырып қалу үшін одан бір миллион теңге талап етіпті. 400 мың теңгені полиция қызметкерлерінің қолына сол күні шешіп берген дәрігер, келесі күні құқық қорғау органдарына арызданыпты. Екі тәртіп сақшысы нейрохирург маманның ақшасын қайтарып қана қоймай, сот алдында жауап берді.

"Балтабаев Азамат және Әбдірахманов Ринат пара алғаны үшін айыпталып, 7 жылға бас ботсандығынан айырылды. Бұған қоса олардың өмір бойына мемлекеттік қызмет атқару құқығына шектеу қойылды. 2019 жылғы 4-ші апелляциялық сот алқасы шығарылған үкімге өзгеріс енгізбеді", - деді Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз хатшысы Ботагөз Баянова.

Талқылау