Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үкімет, облыс және қала әкімдері жағдайды реттеуі керек": Қазақстан президенті карантин туралы сөз қозғады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің қалаларында карантинді сақтау және маскалар тағу қажеттігі туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қасым-Жомарт Тоқаев

"Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет жұқтырғандар саны артып барады. Үкімет, облыс және қала әкімдері жағдайды реттеуі керек. Көпшілік орындарда, қоғамдық көліктерде бетперде тағу міндетті" - деп жазды Twitter-дегі парақшасында Қасым-Жомарт Тоқаев.

"Азаматтардың денсаулығын сақтау үшін нақты шешімдер қабылдау қажет", - деп қосты президент.

Соңғы мәліметтерге сәйкес Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандар саны 8531 адамды құрады, 4515 адам сауығып, 35 науқас көз жұмды.

Талқылау