"Үкімет көйлек пен аяқкиім беретін": Мақпал Жүнісова 40 жыл бұрынғы өнер көрсеткен видеосын жариялады
ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова осыдан 40 жыл бұрын сахнада өнер көрсеткенін есіне алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/zhunusova.makpal/
Өнер иесі сол кездегі заманды есіне алып, тегіншілік заман туралы айтып берді.
“Біздің кезімізде министр бәрін өзі тыңдап, радиоға ән апарсаң, бәрін талқылау кеңестен өткізетін. Сахналық киімдерімізге дейін қарап, ескерту жасайтын. Барлығы тегін еді. Ол уақытта көйлек те, аяқкиім де, жолың да, ішер тамағың да бәрі үкіметтен төленетін. Қазір бәрін өзің төлейсің. Сосын қазір бәрі 20 есе қымбаттап кеткен ғой”, – деп жазды әнші.
-
"Бриллиант көзі бар": Бибігүл Төлегенова әріптесі Мақпал Жүнісоваға білезік тақты
-
"Сантехникке жоламағанда тірі болар еді": Мақпал Жүнісова марқұм Мәдина Ералиеваны есіне алды
Еске салайық, Мақпал Жүнісова марқұм Заманбек Нұрқаділовтің 20 жыл бұрынғы жазған хаттарын жариялап, көпшілікті жылатқан еді.
“Алтыннан ардақты,
Күмістен салмақты,
Аса қымбатты да, қадірлі қызымыз, Мерей!
Ең алғашқы Жаңа жылың құтты да, сүтті бола берсін! Бақыт пен шаттыққа толы болсын! Сан жылдар қызығыңды көріп, ұзағынан сүйіндірсін деп ізгі тілекпен құттықтаушылар – мамаң Мақпал, папаң Заманбек.
31.12.2002 – 1.01.2003 жылға", – деп жазылған хатын көрсеткен еді халық әртісі.