Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

UFC жартылай орта салмақтағы рейтингті жаңартты: Шавкат Рахмонов үшінші орында

Фото: Шавкат Рахмоновтың желідегі парақшасынан

Абсалютті файтинг чемпионаты (UFC) барлық салмақ дәрежелеріндегі рейтингтерін жаңартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жеңілмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов өнер көрсететін жартылай орта салмақта елеулі өзгерістер орын алды.

Жақында ғана американдық спортшы Белал Мухаммадты жеңіп титулды тартып алған Джек Делла Маддалена жартылай орта салмақтың чемпионы атанды. Қазір титул дәл осы австралиялық жауынгерде. Ал АҚШ спортшысы Мухаммед белбеуге үміткерлер тізімінде бірінші орында тұр. Екінші сатыда бұрынғы чемпион Леон Эдвардсты жеңген тағы бір америкалық Шон Брэди.

Соңғы демалыс күндері бразилиялық Гилберт Бернсті жеңген эквадорлық Майкл Моралес төрт сатыға көтеріліп, енді сегізінші орында тұр. Ал Бернс 10-орынға жайғасты. 

Қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмонов әзірге үшінші орнын сақтап қалды. Осылайша отандасымыз титулға басты үміткерлердің бірі болып қала бермек. Жақында ғана ота жасатқан Рахмонов UFC-де қашан жекпе-жек өткізетінін белгісіз.

Абылайхан Палмағанбет
Сейсенбі, 20 Мамыр, 2025 16:42
Талқылау