Қазақстанда жазда театрлар, мұражайлар мен қорықтар балалар үшін тегін болады
Фото: depositphotos.com
Жазғы демалыс кезінде балалар мұражайлар, театрлар, қорықтар мен ұлттық парктерге тегін кіре алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
20 мамыр күнгі үкімет отырысы барысында премьер-министр Олжас Бектенов осындай тапсырма берді. Бектеновтың тапсырмасына сәйкес, туризм министрлігі тарихи-мәдени мұра нысандары мен танымал туристік аймақтарға балалардың баруын қамтамасыз ету үшін өңірлер арасындағы өзара байланысты үйлестіруге тиіс.
"Балалар Қазақстанның табиғи және мәдени алуантүрлілігін көруі керек. Мәдениет министрлігіне жазғы демалыс кезінде балалардың мұражайлар, театрлар, қорықтар мен ұлттық парктерге тегін баруын қамтамасыз ету тапсырылды", – деді премьер-министр.
Жалпы алғанда, мемлекеттік органдар жазғы демалыс кезінде балалардың толыққанды демалысы мен денсаулығын жақсарту үшін қажет жағдайларды жасауға міндетті. Әкімдіктер балалар лагерьлерінің ашылуын және олардың санитарлық-эпидемиологиялық, өрт қауіпсіздігі және антитеррористік талаптарға сәйкестігін жеке бақылауына алуға тиіс. Ал денсаулық сақтау министрлігі балалардың тамағына тұрақты санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жүргізуі керек. Ал төтенше жағдайлар министрлігі су айдындарында және бассейндерде құтқару жабдықтарының бар-жоғын тексеріп, қызметкерлеріне судағы және өрт кезінде балаларды құтқару дағдыларын үйретуі қажет. Ал ішкі істер министрлігі әрбір балалар орталығы мен лагерлерге, сондай-ақ көпшілік іс-шаралардың өтетін жерлеріне учаскелік полиция инспекторларын бекітуге тиіс.
"Балалармен болатын жол-көлік оқиғаларын алдын алуға ерекше назар аударылуға тиіс. Ұйымдастырылмаған спортшы балалардың сапары қайғылы салдарларға әкелгені бәрімізге мәлім. Сондықтан спортшы балалар өз елді мекендерінің сыртына тиісті келісімдер мен рұқсаттарсыз және патрульдік полицияның сүйемелдеуінсіз шығуына жол бермеуді тапсырамын", – деді Бектенов.
Премьер-министр барлық ұйымдастыру мәселелерін 1 маусымға дейін шешуді тапсырды.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда театр және концерт билеттері қымбаттайтыны туралы жазған едік.

"Насыбай секілді жиіркенішті заттардың қалдықтары жатыр": Сайран жағалауын қоқыстан тазартқан жігіт желіде мақтау жинады
