"Көмек керек": Қостанайда жұмысшылар тоғызыншы қабатқа көтеріліп наразылық білдірді
Видеодан скрин
Қостанайда үш құрылысшы жаңа салынып жатқан үйдің тоғызыншы қабатына көтеріліп наразылық білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жұмысшылар арнайы металл құрылым арқылы биікке көтеріліп, төменге түсуден бас тартты. Олар басшылықтан жалақыларын беруді талап еткен.
Жұмысшылармен құтқарушылар, полицейлер келіссөз жүргізді. Құрылыс алаңы қоршауға алынды.
Алматыда әділдік іздеген экс-полицей мұнараға шығып, наразылық білдірді
Желіде тараған видеодан жұмысшылардың картоннан жасалған плакаттарға қазақ тілінде "Көмек керек" және "Ақша берілсін" деп жазып алғанын байқауға болады.
Араға біраз уақыт салып жағдай шешімін тапты. Құрылысшыларға тиесілі жалақы төленіп, олар аман-есен жерге түсірілді.
Еске салсақ, бұған дейін Маңғыстау облысында бір топ жұмысшы ереуілге шыққаны туралы жазған едік.
Талқылау

"Насыбай секілді жиіркенішті заттардың қалдықтары жатыр": Сайран жағалауын қоқыстан тазартқан жігіт желіде мақтау жинады
Алматы әкімдігі Сайранда су қоймасы мен оның маңын тазарту бойынша сенбілік өтетін айтты

"Мүгедектер мен аурулар саны артып келеді": Бір аптадан бері түтінге тұншығып отырған атыраулықтар дабыл қақты
Адамдар жүйке жүйесіне әсер ететін улы зат – күкіртсутекпен уланып жатыр