Ең үздік қымыз байқауының жеңімпазы 45 миллион теңге сыйақы алады
Фото: depositphotos.com
Астанада ең үздік қымызды анықтауға арналған байқау өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Шілде айында Астанада елдегі барлық қымыз өндірушілер мен жылқы шаруашылығымен айналысатын фермерлерді біріктіретін "BaiQymyz" атты үлкен фестиваль өтеді.
Жобаны қолдау мақсатында отандық қымыз өндірушілер, Астанада тұрғындар мен қонақтар алғашқы қымызды қарсы алуға арналған көне қазақ дәстүріне негізделген Қымызмұрындық мерекесін атап өтті.
Жобаның басты мақсаты – отандық қымыз өндірушілерге қолдау көрсету, дәстүрлі қазақ сусынын заманауи дастархандарға қайта оралту және оның пайдалы қасиеттері туралы кең аудиторияға кеңінен таныстыру.
Шілде айында "BaiQymyz" атты үлкен фестиваль өткізіліп, қымыз өндірушілер "Ең үздік қымыз" атағына таласады. Жеңімпаз 45 миллион теңге сыйақы иеленеді.
Талқылау

"Насыбай секілді жиіркенішті заттардың қалдықтары жатыр": Сайран жағалауын қоқыстан тазартқан жігіт желіде мақтау жинады
Алматы әкімдігі Сайранда су қоймасы мен оның маңын тазарту бойынша сенбілік өтетін айтты

"Мүгедектер мен аурулар саны артып келеді": Бір аптадан бері түтінге тұншығып отырған атыраулықтар дабыл қақты
Адамдар жүйке жүйесіне әсер ететін улы зат – күкіртсутекпен уланып жатыр