"Тұрсеннің балаларының көз жасына кім жауап береді?!": Дана Нұржігіттің продюсер Баян Мақсатқызы туралы пікірі жұртқа жақпай қалды
Танымал журналист Дана Нұржігіт продюсер Баян Мақсатқызының Queen Show-ынан алған әсерін бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/dana_nurzhigit/
БАҚ өкілі продюсердің өмір жолы мен қайсарлығына жоғары баға берді.
“Ол бақытты екенін де, бақытсыз екенін де ашық айтады. Жағдайға мойынсұнып, тыныш өмір сүруге де болар еді. Бірақ Баян – күрескер! Ол өзінің жолын, өз үнін, өз қағидасын таңдайды. Кешегідей шоу Қазақстанның бір де бір актрисасына арнайы қойылмаған! Күйеуі Тұрсынның арқасы. Алдымен “Баянның соры болды”деп жолыққан адам, бағы болып сүйіктісінің арманын орындады. Мюзикл жанр ретінде бізде туып, бізде дамымаған өнер. Ондай әмбебап актерлар, режиссер, дыбыс, жарық режиссерларын табу, труппа жинау қиынның қиыны. Оны мүмкін қылған Баянның арманы, Тұрсынның қаржысы.Түптеп келгенде екеуінің махаббаты. Балаларды да, спектакльді де дүниеге әкелген екеуінің шын сезімі. Олар өздеріне ұрын келген, кешіккен алапат сезімнен қашып құтыла алмайтынын біліп, сол үшін қан, қарғыс көрсе де тағдырдан бірге болуды күресіп барып, қалауын жұлып алған адамдар. Ғашықтар сондай – эгоистер! Иә! Өйтпесе бірге болу жоқ! Бірақ екінші өмір де жоқ қой! " – деп жазды тележүргізуші.
Алайда желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, журналисты сөгіп тастады.
“Мен сіздің жазбаларыңызды үзбей оқимын, бірақ мына жазғаныңызбен келіспеймін”, “Тұрсынның балаларының көз жасына кім жауап береді”, “Баян қазақ қазыдарының эталоны емес”, “Сәлем салуды жабайылық деген Баянды ешкімнің көргісі жоқ”, “Көше сыпырып жүрсе де, тәрбие беріп отырған аналарымыз жетерлік”, “Ол кісінің ана тілінде сөйлегенін көрмеппін”, – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, Баян Алагөзова сәлем салу дәстүрін сынаған еді.