Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркияда көз жұмған қазақстандық қыздың бұрынғы мұғалімдері оның өзіне қол жұмсағанына күмәнмен қарайды

Түркияда білім алып жатқан қазақстандық Елдана Қаһарман жұмбақ жағдайда көз жұмды. Достары оны өлі күйінде өз үйінен тапқан. Фырат университетінде оқып, жергілікті телеарнада бағдарлама жүргізушісі болып қызмет атқарған қыз – Қарағанды қаласының тумасы. Оған сабақ берген мұғалімдері бойжеткеннің өзіне қол жұмсағанына күмәнмен қарайды. 

Түркияда көз жұмған қазақстандық қыздың мұғалімдері оның өзіне қол жұмсағанына күмәнмен қарайды

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Әлеуметтік желідегі соңғы жазбаларында Елдана Түркияға келгенші үшін өкінетінін жазған. Фырат университетінің 2-курсында оқыған студент жұмысының көбейіп, үш бірдей ірі жобаны іске асырумен айналысқанын айтады. Сондықтан жүйкесі сыр бере бастапты.

Елдананың денесі Елазыг қаласындағы үйінің ас бөлмесінен табылған. Полицейлер қайғылы жағдайға байланысты тергеу жүргізіп жатыр. Қазіргі мәліметке қарағанда, 21 жастағы Елдана Қаһарман өзіне қол жұмсаған.

Дегенмен Елдана екі жыл оқыған Қарағандының мектеп ұстаздары оның бұл әрекетке өздігінен барғанына күмәнмен қарайды. Себебі озат оқыған қыз болашақта ата-анасы сияқты заңгер болуды армандапты. 

«Өзі бірінші орында жүргенді жақсы көретін. Алғыр оқушы болатын. Суицидке барады дегенді оның бойынан да, ешбір әрекетінен де байқаған емеспіз», - дейді №41 орта білім беру мекбебінің директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жаңагүл Нұрмұханова.

21 жастағы Елдананың отбасы кеше оны ақтық сапарға шығарып салды. Марқұмның жақындары тілшілерге сұхбат беруден бас тартып, Ішкі істер министрлігіне оның өлімі туралы ақпарат таратпау туралы өтініш беріпті.

Еске сала кетсек, бұған дейін Түркияның Фырат университетінің 2-курсында білім алып жатқан 21 жастағы қазақстандық Елдана Қаһарман жұмбақ жағдайда көз жұмғанын хабарлаған едік.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау