Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында үш ай бойы іздеуде жүрген жасөспірім табылды

Түркістан полицейлері үш ай бойы іздеген жасөспірімді Шымкенттен тапты,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.. 

Сайрам аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Ол өзінің арызында кәмелет жасына толмаған 11 сыныпта оқитын ұлы отбасылық жанжалдан кейін үйден шығып кетіп, қайта оралмағанын хабарлайды. Сол кезден бері ұялы телефоны өшіріліп, хабар-ошарсыз кеткенін жеткізеді.

Аталған жайтты тіркеуге алған сайрамдық полицейлер жедел әрекетке көшті. Тәртіп сақшылары көрген-білгендерден жауап алып, жасөспірімнің суретін көрсетіп, жақын аймақтағы полицейлерге де бағытнама берді. Жігіттің достары мен баруы мүмкін жерлер тыңғылықты тексерілді. 

Полицейлердің күні-түні үзіліссіз, толыққанды іздестіруі нәтижесінде оның жүрген жері үш айдан кейін анықталып, жасөспірім Шымкент қаласынан жұмыс істеп жүрген жерінен табылды. 

11 сынып оқушысы отбасына дін-аман қайтарылды. Жасөспірімнің жақындары полицейлерге ризашылығын айтты.

Талқылау