Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Президент әкімшілігі және аймақ басшысының өкімімен әкімнің бірінші орынбасары лауазымына Арман Жетпісбай тағайындалды.

Арман Жетпісбай 1971 жылы Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Куйбышев ауылында дүниеге келген. Білімі - жоғары.

1993 жылы Қазақ химия-технологиялық институтын "инженер-құрылысшы" мамандығы бойынша, 2002 жылы Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін "экономист" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1992 жылы коммерциялық құрылымдарда бастаған. 1998-1999 жылдары "Алаутрансгаз" ЖШС, "Шымкентгаз" ЖШС директоры болды.

2003-2018 жылдары "ARNA Корпорациясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының директоры, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Шымкент әкімі, ARNA Petroleum жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бақылау кеңесінің төрағасы, "Қазатомөнеркәсіп" акционерлік қоғамының басқарушы директоры, Samruk-Kazyna Construction акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметтерін атқарды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін Қосман Айтмұхаметов атқарған. 15 шілдеде оның коронавирустан көз жұмғаны белгілі болды.

Талқылау