Трамптың Ресейге соғысты тоқтату үшін берген уақыты қашан аяқталатыны белгілі болды
Фото: Kevin Lamarque / Reuters
АҚШ-тың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілінің орынбасары Джон Келли бұған дейін Дональд Трамптың соғысты тоқтату үшін Ресейге берген уақыты нақты қашан аяқталатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде дипломат Киев пен Мәскеу үшін соғысты тоқтату туралы келісімге келетін уақыт жеткенін мәлімдеді.
"Ресей де, Украина да атысты тоқтату және ұзақ мерзімді бейбітшілік орнату туралы келісімге келуі керек. Келісімге қол қоятын уақыт келді. Президент Трамп бұл мәселе 8 тамызға дейін шешілуі тиіс екенін нақты айтты. АҚШ бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылдауға дайын", – деді Джон Келли.
Еске салсақ, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы қақтығыста 50 күн ішінде бейбіт келісімге қол жеткізілмесе, Ресей мен оның сауда серіктестеріне қарсы 100 пайыздық тариф енгізілетінін мәлімдеген еді. Кейін Трамп 50 күндік мерзімді қысқартып, Ресейге тек 10 күн уақыт беретін айтты.

Үлескерлерге қатысты заң өзгереді, Трамптың 25%-дық баж салығы күшіне енеді: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
