Төреғалидың енесі қызының бес тіл білетінін айтып мақтанды
Қымбат көлік, зәулім сарай, қызыл кілем. Бұның бәрі Төреғалидың тойына арналған. Әнші Төреғали Төреәлі үйленгеніне үш жыл өткен соң барып дүбірлі той жасады. Осыған қатысты қыздың туысқандары пікір білдірді.
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
25 жасын «айхайлатып» Республика сарайында атап өткен, әнші Төреғали Төреәлінің бүгін үйлену тойы. Қаламыздағы ең қымбат мейрамханалардың бірін жалдаған әншінің тойына 300-ге жуық қонақ шақырыпты. Салтанантты кешті бірге тамашалап көрейік.
Алдымен тойға екі жастың туысқандары жиналды. Кейін шоу-бизнес өкілдері бірінен соң бірі келіп жатты. Әрине, құр алақан емес,қолдарына гүл шоқтарын қыстыра келіпті. Кейбір өнер адамдары шынын айтамын деп тіпті сырын айта жаздады. “Қазіргі АҚШ долларымен алып келдік, ақшаны айтқан енді ұяттау шығар”, – дейді әнші Әділ Слямхан.
Көпшілік асыға күткен қос ғашық «Жігіттер» тобының «Екі ғашық» әнімен ортаға шықты. Таныс болыңыздар Төреғалидің жарының есімі -Толқын. Алматы облысы Кеген ауылының тумасы. Көп балалы отбасында тәрбиеленген Толқынның өзінен үлкен әпкесі мен үш бауыры бар.
“Балын жинап түсіп, жақсы оқып, шетелде жалғастырып, 1 жыл оқып келді. Үндістанның Дели қаласында оқуын бітіріп, өзі өлең шығарады. Домбыра да ойнайды. Бес тілді жақсы меңгерген. Тіл маманының иесі. Ақылына көркі сай Толқын қызым ақылды”, – дейді Толқынның анасы Гүлнәз Тұманшиева.
Дүбірлі тойдың тізгінін танымал әнші Нұрлан Албан ұстады. Тойға жиналған өнер иелері Төреғали мен Толқынға жылы лебіздерін білдіріп жатты. Екі жастың таныстығы осыдан он жыл бұрын басталған көрінеді.
“Бір күні студияда отырғанда, «Сәлем, қалайсың?» деген хат келді. Ол кезде мыңнан астам хаттар ашылмай тұратын кездер еді. Бірақ, бұйрық болар, Толқынның хатын оқыдым. «Әй, сен Каспийдің толқынысың ба» дедім әзілдеп. Ол баяғыдағы КазГУ-дегі Толқынмын ғой дейді. Сол кезде Толқынның інісі үйленіп тойға шақырған болатын”, – дейді Төреғали Төреәлі.
Алғашында дос ретінде араласып жүрген Толқын мен Төреғали кейін жұмыс бастылықпен бір-бірінен алшақтап кетеді. “Екі-үш ай өткеннен кейін үйленіп кеттік. Бірақ мен бірден үйленіп кетемін деп ойлаған жоқпын. Бірақ осы қызды алатынымды білемін.Үйдегілер келіспей, қоярда қоймай, бұл баланы талтаңдатып жүргізбеу керек, бірден үйлендіру керек деп, ата-анамның бұйрығымен үйлендім”, – дейді Төреғали Төреәлі.
Бірнеше жылдан кейін бойжеткен өзі бірінші болып әншінің телефонына смс жібереді. “Ер азамат ретінде өзіне жауапкершілікті алып және де соны көтере білетіндігін жоғары бағалаймын”, – дейді Толқын.
Әнші Төреғали жарын ұзақ уақыт жасырын ұстағанын тіл мен көз тиюден қорыққанын айтады. “Асыл дүниелерімізді қымбат дүниелірімізді жасырын ұстауымыз керек. Қоғамнан қызғанып жүргенім аса қатты жараспайтын, жанаспайтын сияқты. Бүгін жақсылап Толқынды көрдіңіздер. Мен басқалар сияқты жанымда ертіп жүремін деп уәде бермеймін”, – дейді әнші.
Тойда ән де, би де биленді. Дегенмен, әнші жарына арнап жазған «Толқын» әні көпшіліктің есінде мәңгі қалатыны анық. Екі жасқа бақыт тілейміз.
Жіберіп алмаңыз:
Қарындастары Төреғалидың отбасылық өмірде қатал жан екенін айтты
Мирас пен Құралай 4 түрлі себеппен Алматының төрінде дүркіретіп той жасады (фото)
Бүркіт: Мен опасыздықты кешіре алмайды екенмін
Төреғалидің ата-енесі 3 жылға кешігіп жасалған тойға қатысты пікір білдірді