Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шымкент қаласына жаңа әкім тағайындады

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мұрат Әйтеновті Шымкент қаласының әкімі қызметіне тағайындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Айтенов

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды. 

"Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалсын", - делінген ресми құжатта. 

Бұған қоса Тоқаевтің Жарлығымен Ерлан Қуанышұлы Айтаханов Шымкент қаласының әкімі қызметінен босатылды. 

Мұрат Әйтенов еңбек жолын Астана қаласында 2004 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жанындағы арнайы байланыс бөлімінің кезекшілік ауысымының аға инженер-бастығы болып бастаған.

2006-2008 ж. – ҚР ПІБ «Астана-Өнім» АҚ шаруашылық ауласының меңгерушісі.

2008-2010 ж. – ҚР ПІБ ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару жөніндегі бөлімнің өндірістік қызметті үйлестіру секторының сарапшысы.

2010-2012 ж. – Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2012-2013 ж. – Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі.

2013-2016 ж. - Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының аппарат басшысы.

2016 жылдың желтоқсан айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының орынбасары болып қызмет атқарды.

Талқылау