Тоқаев Паралимпиада ойындарының қола жүлдегерін "Құрмет" орденімен марапаттады
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері мен жаттықтырушыларды мемлекеттік наградамен марапаттады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бейжің қаласындағы (Қытай Халық Республикасы) XIII Қысқы Паралимпиада ойындарындағы аса үздік спорттық жетістіктері үшін "Құрмет" орденімен наградталды:
Герлиц Александр Александрович – "Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық комитеті" ҚБ спортшыcы.
Жданович Антон Владимирович – "Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық комитеті" ҚБ аға жаттықтырушысы.
Коломиец Василий Сергеевич – "Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық комитеті" ҚБ бас жаттықтырушысы.
XIII Қысқы Паралимпиада ойындары 2022 жылы 4-13 наурыз аралығында Бейжіңде өтті, оған 50 елден 700-ден астам спортшы қатысты. Бір қола медальмен Қазақстан құрамасы 17-орыннан көрінді.
"Шөптің арасына көміп кеткен": Күйеуінен таяқ жеген әйелді құтқарып, қаза болған полицейдің жары оқиғаны айтып берді
Күдікті өз гаражында оны айуандықпен, азаптап өлтіріп, орап, үстіне шөпті үйіп тастаған
Алматылық ерлі-зайыпты заңгерді шабуыл жасап, қоқан-лоқы көрсетті деп айыптады
Автор: "Бізді біреу өлтіріп кетсе, оның кім екенін білесіздер”