Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әсет Исекешев президенттің көмекшісі болып тағайындалды

Әсет Исекешев Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі болып тағайындалсын, ол Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы лауазымынан босатылсын", - делінген жарлық мәтінінде.



Әсет Исекешев 1971 жылы 17 тамызда Қарағанды қаласында туған.

2008 жылдың ақпанында Қазақстан президентінің көмекшісі болып тағайындалды.

2009 жылдың мамырынан – ҚР индустрия және сауда министрі.

2010 жылдың наурызынан – ҚР премьер-министрінің орынбасары – ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрі.

2012 жылдың қаңтарынан – ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрі.

2012 жылдың қыркүйегінен – ҚР премьер-министрінің орынбасары – ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрі.

2014 жылдың тамызынан – ҚР инвестициялар және даму министрі.

2016 жылдың 21 маусымынан – Астана қаласының әкімі.

2018 жылдың 10 қыркүйегінен – Қазақстан президенті әкімшілігінің басшысы.

2019 жылдың 25 наурызынан - Тұңғыш президент қорының атқарушы директоры.

2020 жылы қаңтарда Қазақстан президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындалды.

Айнұр Мұхади
Жұма, 25 Ақпан, 2022 12:26
Талқылау