AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Парламент сенаторларын сайлауды тағайындады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды тағайындау туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде Ақорда баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау 2022 жылғы 24 тамызға тағайындалсын. Дауыс берудi өткiзу,  сайлау қорытындыларын белгілеу жəне Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының өкiлеттiк мерзiмiн айқындау "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 129-бабына сəйкес жүзеге асырылатын болып белгіленсін", – делінген президент жарлығында.



ҚР үкіметі мен аталған үш облыс əкімдеріне Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жəне қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау жүктелді.

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр