Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа облыс орталықтарында пәтер бағасы бір жылда екі есеге көтерілген – Риелторлар

Риелторлар жаңа облыс орталықтарыннад маусым айынан бастап пәтердің 20%-ға қымбаттағанын айтады. Мәселен, Жезқазғанда бір бөлмелі пәтердің бағасы 9-15 миллион теңге аралығында, ал бұған дейін 5 миллион теңгеден басталған. Дегенмен сарапшылар Қазақстанда жылжымайтын мүлік нарығындағы дүрлігу аяқталған дейді. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, мамырда сәуір айымен салыстырғанда пәтер екі есе аз сатылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Astana арнасына сілтеме жасап. 

құрылыс

Мамандар жылжымайтын нарықтағы қазіргі жағдайды тыныштық деп санайды. 2021 жылғы маусым айымен салыстырғанда пәтер сату 37%-ға қысқарған. Мысалы, Маңғыстауда пәтер сатып алу 65%-ға сиреген. Экономист Ғалымжан Айтқазин бұған зейнетақы жүйесі мен геосаяси ахуал әсер еткен деп санайды.

"Біріншіден, зейнетақы қорындағы жеткіліктік шегінің көтерілуі. Бұл сәуір айында-ақ халықтың дүрлігуін басқан. Тағы бір себебі Украинада басталған соғыс болып отыр. Бұл тұтынушылардың, соның ішінде жылжымайтын мүлік нарығыдағы тұтынушының іс-әрекетіне әсер етті", – деп түсіндірді Ғалымжан Айтқазин. 

Сарапшылардың айтуынша, алдағы уақытта пәтер сатып алуды жоспарлап жүрген тұрғындар мүмкіндікті пайдаланып наурыз айында үй алған. Қазір нарықтағы жағдай зейнетақы жинағындағы артық ақшаны шешіп алуға рұқсат берілгенге дейінгі деңгейге жеткен. 

"Бұл шара адамдарға жинағындағы артық ақшасын пәтер алуға жұмсауға мүмкіндік берді. Сондықтан барлығы жаппай пәтер ала бастағанын байқадық", – деп қосты экономист. 

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елде бір шаршы метрдің орташа бағасы 464 теңгеге тең. Мамыр мен маусым аралығында жылжымайтын мүлік сатуға арналған сайтта бағаның 1-3%-ға төмендегені байқалған. Бұған қарамастан, бір жылда үй бағасы 27%-ға өскен. Жаңа облыс орталықтарында, мәселен Жезқазғанда маусым айында ғана пәтер 15-20%-ға қымбаттап кеткен.

"Бұрын, Тоқаев жаңа облыс құру туралы айтқанға дейін Жезқазғанда бір бөлмелі пәтер бағасы 5 миллион теңге болатын. Қазір бұл баға 10 миллионға жетті. Яғни бір бөлмелі пәтер 2 есеге қымбаттаған", – деді жылжымайтын мүлік агенттігінің директоры Жұмажан Қойшан. 

Мамандар Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығындағы дүрлігуді аяқталды деп есептейді. 

Талқылау