Жаңа үш облыстың автокөлік коды жарияланды
Ішкі істер министрлігі жаңадан құрылған үш облыста тіркелетін автокөлік кодын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінгі күні Қазақстанда көлік құралы тіркелген өңірді белгілеу кезінде 1-ден 17-ге дейінгі цифрлар қолданылады.
"Мемлекеттік тіркеу нөміріндегі өңірлердің цифрлық белгісі өңірдің атауына қарай мемлекеттік тілде әліпби тәртібімен беріледі. Осыған байланысты жаңадан құрылған үш облысқа мемлекеттік нөмірлердің өңірлік кодтарын мынадай тәртіппен белгілеу ұсынылады: Абай облысы – 18, Жетісу облысы – 19 және Ұлытау облысы - 20", - делінген ресми хабарламада.
Қазақстан +997 кодына көшкеннен кейін тұрғындар SIM-карталарын ауыстыра ма: Министрлік жауап берді
Алайда жаңа облыстардың тұрғындары мемлекеттік тіркеу нөмірін ауыстыруға міндеттелмейді. Бұрынғы нөмірмен жүре беруге болады. Ал жаңадан тіркелетін көліктер жаңа коды бар нөмір алады.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды