Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан +997 кодына көшкеннен кейін тұрғындар SIM-карталарын ауыстыра ма: Министрлік жауап берді

Қазақстан +997 кодына 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ауыса бастайды. Жаңа кодқа көшу үрдісі 2025 жылдың қаңтар айына дейін жалғасады. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мәлімдеді. 

Stan.kz цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне “Қазақстан +997 кодына көшкеннен кейін тұрғындарға SIM-карталарын ауыстыруына тура келе ме” деген сауал жолдаған еді. 

Министрліктің мәліметінше, +997 кодына көшкеннен кейін қазақстандықтардың SIM-карталарын ауыстыру мәселесі ұялы байланыс операторларымен пысықталады. 

“Егер +997 кодына өту туралы түбегейлі шешім қабылданса, бұл бағыттағы жоспарға және Халықаралық электр байланыс одағымен орнатылған тәртіпке сәйкес Қазақстан жаңа ұлттық кодқа 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ауыса бастайды. Жаңа кодқа көшу процесі 2025 жылдың қаңтар айына дейін жалғасады. Азаматтарға қолайлы болу үшін екі жыл бойы екі код қатар қолданылады. Осылайша қазақстандықтарға қолданып отырған сервистер мен қосымшаларды жаңа кодқа ауыстыру үшін екі жылдай уақыт беріледі. SIM-картаны ауыстыру немесе ауыстырмау мәселесі ұялы байланыс операторлары және вендорлармен пысықталады”, – дейді министрліктен. 


Қазақстанның +997 кодына көшпеуі мүмкін бе: Цифрлық даму вице-министрі түсіндірді

Талқылау