Threads қазақстандық ең үздік трэвел-блогерді форумға шақырды

WIBA Awards 2026 нұсқасы бойынша өз санатында "ең үздік" деп танылған қазақстандық видеограф әрі тревел-блогер Дастан Мұхамедрахим құрметті қонақ ретінде халықаралық форумға қатысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Threads әлеуметтік желісінің форумына арнайы қонақ ретінде қатысқан ол шараға әлемдік жұлдыздардың да жиналғанын айтты.
“Threads-тің бастығымен кездестік. Zendaya, Адам Моссери, Джошуа Платильеро сияқты жұлдыздармен бір дәрежеден қонақ болғаныма қуаныштымын. Бұйырса әлемдік дәрежедегі ұсыныстар алып жатырмыз”, – деп жазды ол.
Сондай-ақ ол Zendaya-мен түскен суретін жариялады.
ОқыңызБұған дейін Дастан Мұхамедрахим Францияда Cannes Film Festival аясында өтетін WIBA Awards марапаттау рәсіміне шақырту алғанын хабарлаған еді.
Оның айтуынша, ресми хатта оны "әлемнің ең үздік тревел-блогері" деп көрсеткен. Марапаттау рәсімі 22 мамырға жоспарланып отыр.
"Сені сүйемін деп ашық айта беремін": Желі жұлдызына айналған зейнеткер жұп махаббат хикаяларын бөлісті
Қажымұрат аға: "Әйеліңді сыйлағаннан қор болмайсың" дегім келеді"
“Қазақ тілінің арқасында кәріс тілін үйрендім”: Желіде қазақша сөйлеген кәріс азаматы жұрттың ықыласына бөленді
Владислав қазақ тілін арнайы сабақ алып үйренбеген