Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тергеу изоляторына қамап, қорқытты": Түркістан облысында қамауда отырған ер адам шеге жұтты

Түркістан облысында колонияда жазасын өтеп жатқан ер адам шеге жұтқан видео түсіріп, туыстарына жіберген. Осылайша, ол мұндай әрекетті түрме әкімшілігі орнатқан режимге қарсы наразылық ретінде жасап жатқанын айтады. Айтуынша, колония қызметкерлері оған қысым жасауда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме беріп.

Айтуынша, оны прокуратураға жіберген шағымынан соң шақырып қорқытқан.



"Менің прокуратураға жіберген арызымнан кейін мекеме басшылығы мені өзіне шақырып, қорқытты. Бірнеше рет тергеу изоляторына қамады. Тағы бір рет шағымдансам, қайта қамалатынымды айтты. Сондықтан жоғары органдардың көңілін аудару үшін мына шегелерді жұтпақшымын", - дейді қамауда отырған ер адам.

 

STAN.KZ
Сейсенбі, 03 Қараша, 2020 21:34
Талқылау