Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тәсбих намазы қалай оқылады

Тәсбих намазының сауабы өте көп құлшылықтың бірі. Тасбих намазын әрқашан оқуға болады.

Тасбих намазы қалай оқылады

Яғни, аптасына бір рет, айына, яки болмаса жылына, тым болмағанда өмірінде бір рет оқу қажет. Тәсбих намазын пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.а.с) немересі Аббасқа үйретіп жатып: «Осы намазды оқыған жанның құм үйіндісіндей күнәлары болса, Алла тағала сөзсіз ол пендесінің күнәсін кешіреді» деген.

Тәсбих намазы төрт рәкағаттан тұрады және намазды бір немесе екі сәлеммен аяқтаймыз.

Тәсбих намазының ішінде 300 мәрте «Субханаллаһ, уәлхамду лилләһ, уә лә иләһә иллАллаһу уАллаһу әкбар» деп тәсбих дұғасы оқылады. Яғни, бір рәкағатта 75 мәрте оқылуы керек.

Ниет етіп, тәкпір алып, құлақ қағылғаннан кейін «Субханәкә» дұғасынан кейін 15 мәрте тәсбих дұғасын оқимыз. Одан кейін ауыз бисмиллә, фатиха сүресі, бір сүре оқып болғаннан кейін тағы да 10 мәрте тәсбих дұғасын айтамыз.

Содан кейін «рукуғе», яғни иілеміз. Сол руку тәсбиғын айтып болғаннан кейін, сол жерде он рет тағы да тәсбих дұғасы айтылады.

Жұма намазы қалай оқылады >>>

Қиямда тұрып тағы да 10 мәрте тәсбих дұғасын оқымыз. Сәждеге барамыз. Сәждеде сәжде тасбихын айтып болғаннан кейін тағы да он рет тәсбих дұғасы оқылады. Кейін екі сәжде арасында біраз кідіріс жасап, тағы да 10 мәрте тәсбих дұғасын оқимыз. Соңғы сәждеде сәжде тәсбихынан кейін тағы да соңғы 10 мәрте тәсбих дұғасын айтамыз.

Міне, осылай бір рәкағатты тәмамдап, екінші рәкағатта тағы да дәл осылай 75 мәрте тәсбих дұғасын айтып, аяқтаймыз. Яғни, бір және екінші рәкағатта 150 тәсбих айтылып, соңғы отырыста әттәхият пен салауаттан кейін, сәлем беріп болғаннан кейін тағы да екі рәкағат тәсбих намазына ниет етіп, дәл осылай қайталағанымыз абзал.

Егер де, осы тәсбих намазында жаңылысқан жағдайда «сәһу» сәждесін жасаймыз да тәсбихты қайталап оқымаймыз. Егерде тәсбих намазын жамағатпен жамағат пен имам оқитын болса, имам дауыстап оқып, әрі тәсбихтарын да дауыстап оқығаны дұрыс.

Ал, егерде жеке адам өзі оқитын болса, қаласа дауыстап, қаласа дауыстамай оқыса да болады.

 

Талқылау