Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тәңірберген Бердоңғаров қазақ-қырғыз шегарасындағы жағдайды айтып берді

Қоғам белсендісі Тәңірберген Бердоңғаров қазақ-қырғыз шегарасындағы жағдайды көзбен көріп қайтты, деп хабарлайды Қазақпарат.

«Мен шегараға арнайы Астанадан ұшып келдім. Өзіммен бірге камера мен дрон алып алдым. Өз видеоблогым үшін шегарадағы жағдайды түсірдім. Турист ретінде Қазақстан шегарасынан Қырғызстанға өттім. Жүргізушілер сөйлесіп, кері қайттым», – деп бастады әңгімесін Бердоңғаров.

Ол Қарасу пункіне түнде жеткен. Ол жерде ауыр жүк жөлігі мен жеңіл көліктерге, жаяу жүргіншілерге жолақы төлеу керек.

«БАҚ-та жарияланғандай шегарадағы көп адамды көрген жоқпын. Менімен бірге бір ғана адам өтті. Қырғызстаннан Қазақстанға өтіп жатқан адамды көрмедім», – дейді ол.

«Мен қазақстандық және қырғызстандық шегарашылармен сөйлестім. Қазір барлық өту аймағы ашық, ешқандай кедергі жоқ», – дейді Бердоңғаров.

Қазақстан шегарасында көліктерді тексерістен өткізетін үлкен сканер бар. Ол жерде кептеліс жоқ. Ал, Қырғызтан жағында үлкен кезек. Өйткені көлікпен Қазақстанға өтер алдында біздің шегарашылар оларды толығымен тексереді. Бұл дұрыс деп есептеймін.

Айтуынша, Қырғызстан азаматтары елімізге көкөніс жеміс, азық-түлік алып көп өтеді.

«Қырғызтан шегарасына өткен соң жүк көлігін жүргізушілермен сөйлестім. Олар шегара толығымен жабық. Мүмкін оған Атамбаевтың пікірі себеп болған шығар деп есептейді. Бірақ олай емес. Мен өзім тексеріп көрдім. Жүк көлігінің жүргізушілері пунктен өтіп жатыр. Айта кететіні, қазақстандық тарап тексерісті күшейткен. Заңсыз заттардың өтпеуін қадағалап жатыр», – дейді ол.

Айтуныша, бір сағттың ішінде жүк өткізугі қатысты бір постта сегіз заңбұзушылық болған.

«Ал, БАҚ небір суреттерді салып, ақпарат таратып жатыр. Шындығында, жағдай олай емес. Мен осы себепті арнайы видеоблог түсірдім», – дейді Бердоңғаров.

Тағы да оқыңыз:

Атамбаев: Назарбаев туралы айтқан кезде эмоцияға салынып кеттім, менікі дұрыс болмады

Алладан басқа ешнәрсеге ешқашан сенбеймін: Жээнбеков туралы не білеміз?

Желіде қазақ-қырғыз шекарасынан тараған видео бірнеше жыл бұрын түсірілген

Талқылау