Алладан басқа ешнәрсеге ешқашан сенбеймін: Жээнбеков туралы не білеміз?

Алдын ала болжамға сәйкес, президент сайлауының қорытындысы бойынша Сооронбай Жээнбеков ең көп дауыс жинады.

Sputnik Кыргызстан көш бастап тұрған кандитат жайлы бірнеше қызықты ақпарат жариялады.

Жээнбеков бір газетке берген сұхбатында өмірде Алладан басқа ешнәрсеге ешқашан сенбейтінін айтқан.

Угзенде орыс тілінің мұғалімі болған.

Абсамат Масалиевті идеал саясаткер деп таниды.

Шарип Жээнбековтың отбасындағы үшінші ұл. Қара-Құлжадан шыққан. Үлкен ұл Канторо ғылыммен айналысады. Саясаттан алыс. Ол ғылым докторы, профессор, Джалал-Абад экономика және кәсіпкерлік университетінің президенті. Екінші ұл Жүсіпбек Кувейтте елші болып қызмет етеді. өртінші ұл Асылбек парламенттің экс-спикері. Бесінші ұл Жырғалбек кіші отанында тұрады. Ең кенжесі Ескендір білікті заңгер ретінде танылған. Ол жасында Ош облысының прокуроры болды. Тағы екі әпкесі бар.

2010 жылдың 7 сәуірінде Жээнбековтер отбасы тәуекелге басын тіге отырып, Ош қаласындағы шеруге шыққан еді.

Сооронбай Жээнбеков 3 рет Жоғары кеңесте дауыс жинаған.

Ол 58 жаста. Ұлы мен қызы бар. Отбасылық өмірі жайлы айта бермейді.

2016 жылдың сәуір айында ол «Премьер-министр болатыным түсіме де кірген жоқ» деген болатын.Халық өкілдері жиналысында аграрлық іс бойынша комтетті басқарған.

Жээнбеков  2007 жылы берген сұхбатында шаруаларға мемлекетке қарап отырмай өз күшіне сенуі керек екендерін айтты. Оларды кооперативке жиналуға шақырды.

Ең көп жұмыс істеген жері – мемлекеттік қызмет. Ош облысының әімшілігін 5 жыл басқарған.

Ең есте қалған сөзі “Чыкэшикке!”, ол «Кет әрі» деп аударылады. Бқл сөзді Жээнбеков сәулет және құрылыс мемлекеттік агенттігінің орынбасары Алмазбек Абдыкадыровқа қарата айтқан. Ол Абдықадыровтың шараға дайын еместігіне ренжіген.

Кандидат Сооронбай Жээнбеков 54,75 пайыз дауыс жинады. ОСК мәліметі бойынша қазірге дейін 97 пайыз бюллетен саналып үлгерген. Өз кезегінде кандидат Өмурбек Бабановтың штабы қазір барлық фактілер, заң бұзушылықтар және алдын ала мәліметтердің сай келмеушілік деректерінің өңделіп, тексеріліп жатқанын хабарлады.

Тағы да оқыңыз:

Желіде қазақ-қырғыз шекарасынан тараған видео бірнеше жыл бұрын түсірілген

Қырғызстан Қазақстанның гуманитарлық көмегінен бас тартты

Назарбаев Қырғыз еліндегі сайлауға араласуға қатысты: Мұның бәрі жалған (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
15.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар