Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстандағы президент сайлауында Сооронбай Жээнбеков жеңіске жетті

Қырғызстандағы президент сайлауының қорытындысы бойынша Социал-демократиялық партия атынан сынға түскен Сооронбай Жээнбеков жеңіске жетті.

Бұл туралы Sputnik Қырғызстан жазады.

Кандидат Сооронбай Жээнбеков 54,75 пайыз дауыс жинаған. ОСК мәліметі бойынша қазірге дейін 97 пайыз бюллетен саналып үлгерген. Өз кезегінде кандидат Өмурбек Бабановтың штабы қазір барлық фактілер, заң бұзушылықтар және алдын ала мәліметтердің сай келмеушілік деректерінің өңделіп, тексеріліп жатқанын хабарлады.

“Ертең, 16 қазанда Қырғыз Республикасы президенттігіне кандидат Өмурбек Бабанов баспасөз мәслихатын өткізеді”, – деп хабарлады штаб. Бабанов қазіргі таңда 33,8 пайыз жинап тұр.

Адахан Мадумаров – 6,47 пайыз,

Темір Сариев – 2,57 пайыз,

Таалатбек Масадықов – 0,63 пайыз,

Ұлықбек Қошқоров – 0,5 пайыз,

Әзімбек Бекназаров – 0,16 пайыз,

Арстанбек Абдылдаев – 0,12 пайыз,

Арсланбек Малиев – 0,09 пайыз,

Эрнис Зарлықов – 0,09 пайыз,

Тоқтайым Үметалиева – 0,09 пайыз,

Барлығына қарсы берілген дауыс – 0,73 пайыз.

Жіберіп алмаңыз:

NASA:  Қазақстан мен Ресей аумағына екі қауіпті метеорит құлауы мүмкін

Атамбаев сайлаудан кейін немен айналысатынын айтты

Өмірбек Бабанов Қазақстаннан үлгі алатынын айтты

Ер адам көп “лайк” жинау үшін басын гипспен қатырып тастады (видео)

Талқылау