Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атамбаев сайлаудан кейін немен айналысатынын айтты

Қырғызстан қазіргі президенті Алмазбек Атамбаев президенттік өкілеттілігі біткеннен кейін немен айналысатынын айтып берді.

Сайлау учаскелерінің бірінде Атамбаев БАҚ өкілдеріне сұхбат берді. Тілшілердің сайлаудан кейінгі қызметі жайлы сауалына жауап берген Атамбаев шығармашылықпен айналысуды жалғастыратынын айтты.

Ол мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқаруға ниетті емес екенін атап өтті. Сайлаудан кейін уақытын шығармашылыққа арнамақ.

«Қорықпаңыздар, мен президент немесе премьер-министр болмақ емеспін. Мен осы уақытқа дейін де 30 жыл саясатпен айналысқанмын. Ол өлең, проза, тіпті, ән жазуыма да кедергі болған емес», – дейді Алмазбек Атамбаев.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін 15 қазанда Қырғызстанда президент сайлауы өтіп жатыр.

Жіберіп алмаңыз:

NASA:  Қазақстан мен Ресей аумағына екі қауіпті метеорит құлауы мүмкін

Атамбаев Қазақстан бөлген 100 миллион турасында: Бізге мұндай көмек қажет емес

Қырғызстанда президент сайлауы басталды

Итіне күтім көрсеткен әйел уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақы алды

Талқылау