Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атамбаев Қазақстан бөлген 100 миллион турасында: Бізге мұндай көмек қажет емес

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев өз мемлекетіне Қазақстан тарапынан көмек «қажет емес» екенін мәлімдеді.

Мұнда ЕАЭО аясында Қазақстан тарапынан қырғыз шекарасындағы инфрақұрылымды жаңғырту мақсатында ерікті түрде бөлінген қаржы жайлы сөз болып отыр, – деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Біз көмек туралы келісім шартқа сонау 2007 жылдары қол қойғанбыз. Ол уақытта мен премьер-министр қызметінде болғанмын. 2014 жылы Нұрсұлтан Әбішұлына аталған көмекті жабдық жеткізілімі түрінде көрсетуін айтқанмын. Бізге аталған көмек әлі күнге дейін жеткен жоқ. Бізге мұндай көмек қажет емес, біз оны үш жыл күттік», – деген Атамбаев сөзі Sputnik Кыргызстан бетінде келтірілді.

Сонымен қатар Атамбаев Қырғызстан үшін Қазақстан бауырлас мемлекет болып қала беретінін атап өтті.

Үкімет арасындағы еуразиялық экономикалық интеграция жағдайында экономикалық ынтымақтастықты дамыту туралы келісім шарт аясында Қазақстан тарапынан 100 миллион АҚШ доллары көлеміндегі қаржы Қырғызстанға бөлінген. Құжатқа 2016 жылдың желтоқсан айында қол қойылған.

Жіберіп алмаңыз:

Қырғызстанда президент сайлауы басталды

Итіне күтім көрсеткен әйел уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақы алды

Франциялық әйел өз балаларына жасалған зорлық әрекетінің ұйымдастырушысы ретінде күдіктелуде

Антарктидада 36 мың жаңа туған пингвин аштан қырылып қалды

Талқылау