Өмірбек Бабанов Қазақстаннан үлгі алатынын айтты

Жұма, 13 Қазан , 2017 22:13

Билікке əркімнің-ақ бар таласы. Бүгін Қырғызстанда үгіт-насихат жүргізудің соңғы күні. Ел тағдыры алдағы алты жылда кімнің қолында болатыны осы жексенбі белгілі болады,-деп жазды КТК арнасы.

Бұл сайлаудың осыған дейінгілерден ерекшелігі халықтың айқын қолдауын алған, жеңіске күмəнсіз жетеді деген кандидат жоқ. Бірақ, саяси тартыс негізгінен екі үміткер Өмірбек Бабанов пен Сооранбай Жээнбековтің арасында болмақ.

Жээнбеков осыған дейін теледебатта президент болса тексеруді Бабановтың өзінен бастаймын деп шүйліккен еді. Ал, қарсыласы Өмірбектің өз айтары бар.

Төңкерістің түр түрін бастан кешкен айырқалпақты ағайынға енді өзгелермен араздастыратын емес, татуластыратын басшы керек. Оны тұрғындардың əңгіме ауанынан байқадық. Кандидаттар да көшедегі жарнамаларында негізінен бірлікке бастайтын сөздер жазған.

Бұл сайлауда бағын сынамақтар біраз болғанмен, таңдау суырылып шыққан екі үміткердің біреуіне түсетінін қазір бəрі біледі. Бірі, бұрын үкіметті басқарған Сооранбай Жээнбеков. Социал демократиляқ партиясының өкілі.

Оны Атамбаев баптап, бəйгеге қосқан, сондықтан билікке келсе соның сойылын соғады деп жазылып та, айтылып жүр. Екіншісі де экс-премьер. Өмірбек Бабанов шартты түрде Қырғызстан оппозициясының өкілі саналады. Шартты дейтініміз, мұнда əлі күнге оппозиция біріктірілмеген.

Бабанов билікке келсе, алдымен саяси қылмыстық топтардың көзін құртып, қызмет сатуды тоқтатып, жемқорлықтың тамырына балта шабуды көздейтінін ашық айтып отыр. Ал, Қырғызстанның алдағы он жылда Қазақстандай дамығанын көргісі келеді екен. Бізге берген сұхбатын тыңдап көрейік.

“Біз Қазақстан сияқты үлкен амбициялы мақсаттарды қою керекпіз. Алты жылдың ішінде менің жалғыз мекенім Қырғызстан тез өніп үлкен мемлекеттердің қатарына кіруі керек. Қазақстанда Ресейде жүрген жерлестеріміз еліне қайту керек”,-дейді Қырғызстан президенттігіне үміткер Өмірбек Бабанов.

Жээнбеков те қарап қалып жатқан жоқ. Түрлі саяси технологияларға баруда.  «Тыныштық күнінің» алдында ұтымды жұмыс істеп қалуға тырысып жатыр.

Мәселен қазір ғана оның жақтастары Бішкектің орталық алаңында үгіт-насихаттық бейбіт шеру өткізді. Онда өзінің сайлауалды бағдарламаларының Қырғызстан үшін ең тиімді екенін айтып бақты десе де болады. Тіпті, сайлаушыларының көңілін әнмен жаулауға да тырысты.

Сарапшылар бұл бұрынғы сайлаудан өзгерек дейді. Өйткені, екі қарсыластың да қазір жеңіске жетудегі мүмкіндіктері тең екен олардың ойынша. Бабановты негізінен жастар, кəсіпкерлер қолдауы мүмкін.

Жээнбеков болса негізінен мемлекеттік қызметшілерге сенім артып отыр екен. Дегенмен, сен тұр мен атайын деп тұрған кандидаттардың бір біріне деген жұлдызы қарсы. Оны бертінде өткен ашық теледебат көрсетті.

Бірақ, бастысы билікке кім келсе де халық мүддесін қорғайтын басшы қажет дейді сарапшылар. Осы тақырып төңірегінде қырғызстандық саясаттанушы Игор Шестаковтың пікірін тыңдап көрейік.

«Бұл тарихи сайлау болайын деп тұр. Соңғы сəтке дейін кімнің айқын жеңіске жететінін айту қиын. Жээнбеков пен Бабановтың мүмкіндіктері бірдей деп айтуға болады. Осыған дейін жарияланған рейтинг, сауалнамалардың бəрі шындыққа жанаспайды.

Бұрмалаушылық, жалған жала жапқан ақпараттар үгіт насихат кезінде тарағаны рас. Қос кандидаттың да жақтаушылары көп. Қырғызстан халқына қазір тыныштық қымбат. Сондықтан, билікке кім келсе де халықтың мүддесімен санасуы тиіс»,-деді  саясаттанушы Игорь Шестаков.

Қырғызстанның енді сайлануы тиіс жаңа президентінің  Атамбаевпен салыстырғанда лауазымдық артықшылықтары шектеледі. Былтыр елде конститутуциялық реформа өтті. Енді премьер министрдің жəне парламенттің басқару коалициясяның өкілеттігі нығайды.

Оқи отырыңыз:

Ер адам көп “лайк” жинау үшін басын гипспен қатырып тастады (видео)

Жұмбақ сурет: Желі қолданушылары аяқ киімнің түсін таба алмай дал болды

Біреуді ұстап қалғыңыз келсе, оны босатыңыз

Маңдайының кеңдігінен ұялған қыз отадан кейін танымастай өзгерді (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
20.01.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар