Жұмбақ сурет: Желі қолданушылары аяқ киімнің түсін таба алмай дал болды

Жұма, 13 Қазан , 2017 13:01

Желі қолданушылары ғаламторда жарияланған аяқ киімнің түсін дәл тауып айта алмай жатыр.

Николь Култхард есімді қолданушы Girlsmouth тобында кроссовканың суретін жаиялап оның түсінің қандай екенін сұрады.

Суретке бір сағат ішінде пікір жазғандардың саны мыңнан асты. Біреулер аяқ кимнің түсі алқызыл десе, енді бірі сұр мен ақшыл көк қосылған деп жатыр.

Жаз кезінде де желі қолданушысы спорттық киімнің суретін жариялап түсін сұраған еді. Желі қолданушыларының бірі оның алқызыл десе, екінші топ сұр мен жалбыз түстес деп таласқан болатын.

2015 жылдың ақпан айында қолданушылар көйлектің түсін айтып дауласты. Осыдан соң-ақ осы секілді сұрақтар желіде көбейе бастады. Көпшілік көйлектің қара мен көк түсті екенін айтса, екіншілері ақ пен сары түсті көріп тұрғанын жазды. Негізінде көйлектің өз түсі көк пен қара болған.

Мамандардың зерттеуі бойынша, көз жанарында оптикалық ауытқулар бар жандардың суретке түсірген камераның әсерінен түсті басқа етіп көретіні анықталды.

Тағы да оқыңыз:

Жұмбақ суреттер: Өзіңіздің қаншалықты байқампаз екеніңізді тексеріп көріңіз

Желіде жарияланған жұмбақ есеп қолданушылардың дауына айналды

Жұмбақ сурет: Үш заттың ортақ ұқсастықтарын таба аласыз ба? (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
14.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар