Маңдайының кеңдігінен ұялған қыз отадан кейін танымастай өзгерді (фото)

Жұма, 13 Қазан , 2017 10:03

Көптеген адам өзінің бойынан кемшілік табуға құмар. Әсіресе, әйел қауымы. Әдетте кемшіліктер біздің сырт келбетімізбен байланысты.

Бұл туралы micccp.com басылымы жазды.

Кейли Лэнэуэй мектеп кезінен бері маңдайының кеңдігінен ұялған екен. Осы үшін, тіпті, оны сыныптастары мазақ қылған. Десе де, бойжеткен айналасындағыларға маңдайы үшін ұялатынын көрсетпеген. Тек жылдар бойы ренжіп жүре берген.

Психологиялық соққының салдарынан бойжеткен өзіне деген сенімділігінен айырылады. Үнемі маңдайын қалың кекілдің астына жасырып жүрген.

Араға біраз жыл салып ол құны 9 000 доллар болатын ота жасатып, маңдайын кішірейтті.

Дәрігерлер екі сағат бойы жасалған ота нәтижесінде оның шашының өсу сызығын 3 сантиметрге төмен түсірген. Қалпына келтіру кезеңі 9 айға созылған. Есесіне нәтижесі үмітті ақтады.

Кейли ота жасалғалы бері өзін ерекше бақытты сезініп жүргенін айтады. Басылымдарға берген сұхбатында сырт келбетіне риза екенін жеткізді.

Айналасындағылар да оның сырт келбетінің тамаша күйге енгенін айтып жатыр. Десе де, жағымсыз пікір білдірушілер де бар.


Жіберіп алмаңыз:

Теледидардан жарнама көру – балаға не үшін зиян?

Іштегі сәбиі аяғымен анасының жатырын жыртып жіберді

Ата-аналары 3 және 5 жастағы балалары үшін үйлену тойы стиліндегі фотосессия жасады (фото)

Мамандар 2017 жылы ең көп сатылған смартфонды анықтады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
14.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар