Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Іштегі сәбиі аяғымен анасының жатырын жыртып жіберді

Ішіндегі сәбиі жатырынан қатты теуіп жіберген әйел өлім үстінде жатыр. Сәби анасының жатырына үлкен зақым келтірген болуы мүмкін.

Бұл туралы The Daily Mail басылымы хабарлайды.

Қытайда ішіндегі сәбиі анасын теуіп өлтіріп қоя жаздады. Чжан ханымның айтуынша, ішіндегі сәбиі, тіпті, оның жатырын зақымдаған болуы мүмкін. Осы оқиғадан кейін әйелге шұғыл ота қажет болған екен.

Сәби кесаревоның көмегімен 35-аптада туды. Пекин университетінің ауруханасында жатқан әйелдің қазіргі денсаулығы жақсы. Құжатта әйелдің 2 қазан күні сағат 10:00 шамасында ауруханаға түскені жазылған.

Чжан ханым, бастапқыда асқазаны ауырған болар деп ойлаған. Алайда дәрігерлер жатырдан шығып тұрған бір аяқты көріп қатты таңқалған. Мұнымен қатар, Чжан ханымға 2016 жылы ота жасалған екен. Сол уақытта дәрігерлер оның жатырынан ісік тапқан.

Дәрігерлер Чжан ханымның денсаулығына үлкен қауіп төніп тұрғанын анықтап, оған бірден ота жасауға кіріскен. Себебі, олар оның жатырының 7 сантиметрдей жері жыртылғанын анықтаған. Пекин университетінің дәрігерлері ота туралы бұдан өзге ақпарат беруден бас тартқан.

“Әдетте әйел адамның фибрасына ота жасалған соң, ол екі жылға дейін бала көтермеуі тиіс. Тіпті, екі жылдан кейін де толықтай тексеруден өтіп барып қана жүкті болулары керек”, – дейді дәрігер Чжун.

Дәл осындай жағдайға тап болған 33 жастағы әйел кесаревоның көмегімен дені сау баланы дүниеге әкелген. Маман Пьер Эммануэл Боует мұндай оқиғаны алғаш көргенін айтады.


Жіберіп алмаңыз:

Ата-аналары 3 және 5 жастағы балалары үшін үйлену тойы стиліндегі фотосессия жасады (фото)

Мамандар 2017 жылы ең көп сатылған смартфонды анықтады

Пластикалық ота жасатқан қытайлық қыздар елдеріне қайта алмай отыр

Қытайда аңызға айналған әлемдегі ең биік шыны көпір шытынай бастады (видео)

Талқылау