Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пластикалық ота жасатқан қытайлық қыздар елдеріне қайта алмай отыр

Олар Оңтүстік Кореяға сыртқы келбеттерін жақсарту үшін барған.

Бұл туралы Тһе Daily Mail басылымы хабарлайды.

Пластикалық отадан шыққан үш қытайлықты әуежай қызметкерлері елдеріне жібермей отыр. Олар паспорт тексеруінен өтпек болған екен. Беттері қатты ісіп кеткендіктен, олардың бет-жүзінен кім екендерін анықтау қиынға соққан.

Үш бойжеткен Қытайдағы Алтын апта мерекесін пайдаланып Оңтүстік Кореяға пластикалық ота жасату үшін барған. Оңтүстік Корея сұлулық саласындағы жетістіктерімен танымал. Сол себепті, аталған елге шетелдіктер жиі келеді. Қытайлық қыздар пластикалық ота жасатып, бірден үйлеріне қайтпақ болған. Алайда әуежайда оқыс оқиға орын алады.

Шығыс сұлуларының суреті аз уақыт ішінде мыңдаған лүпіл жинаған. Суретте олар көші-қон қызметінің шешімін күтіп отыр. Олардың елдеріне қайтып-қайтпағандары әзірге белгісіз.


Жіберіп алмаңыз:

Қытайда аңызға айналған әлемдегі ең биік шыны көпір шытынай бастады (видео)

24 сағат бойы телефоннан көз алмаған бойжеткен соқыр болып қалды

Балабақша күзетшісі 4 жасар балаларды тірідей өртеп жіберді

Арабтар енді ғарышы игеруге кірісті

Талқылау