Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда аңызға айналған әлемдегі ең биік шыны көпір шытынай бастады (видео)

1180 метр биіктікте орналасқан Қытайдағы шыны көпір шытынай бастапты.

Ролик YouTube-те жарияланған. Кадрда туристік топтардың жетекшісі көпірдің мөлдір бөлігіне қарай өткен кезде, әйнекте жарықтар пайда болып, шытынаған дыбыс естіле бастайды. Тізерлеп құлаған ер адам қатты қорыққан.

Осы кезде қарсы алдынан шыққан ер адам сабырлы қалыпта кетіп бара жатады. Видео желіде пайда болғаннан кейін, Шығыс Тайханьшань округтік әкімшілігі “шытынаған” әйнек – бұл арнайы эффектілер орнатылған панель екенін, оның көпірдің бірнеше тұсына әдейі орнатылғанын айтыпты.

Еске салсақ, әлемдегі ең ұзын және ең биік көпір 2016 жылы 20 тамызда ашылған еді. Бұл көпір екі таулы аймақты байланыстырып тұр.

Жіберіп алмаңыз:

24 сағат бойы телефоннан көз алмаған бойжеткен соқыр болып қалды

Балабақша күзетшісі 4 жасар балаларды тірідей өртеп жіберді

Арабтар енді ғарышы игеруге кірісті

Ангела Меркельдің «егізі» кино мен жарнамада канцлердің рөлін сомдап жүр (видео)

Талқылау