Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СІМ Қазақстан мен Қырғызстан шегарасында болған кептелісті түсіндірді

Видеода көп адамның шекарадағы қоршауды бұзып, апыр-топыр болғаны түсірілген.

Қазақстан билігі әлеуметтік желіде қазақ-қырғыз шекарасынан тарап жатқан видеоның бірнеше жыл бұрын түсірілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды  Sputnik.

“Жүргізілген тексеріс әлеуметтік желіде тарап жатқан кедендік учаскедегі қоршаудың бұзылғаны түсірілген видеоның бірнеше жыл бұрынғы екенін анықтады”, — деп хабарлады ақпарат және коммуникациялар министрлігі.

Айта кетсек, қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдай 10 қазанда басталды. Үш бекетте көлік кептелістері мен үлкен кезек пайда болды. Қазақстанның ұлттық қауіпсіз комитеті тек қазақ-қырғыз шекарасында ғана емес, бүкіл мемлекеттік шекараның бойында жоспарлы операция жүргізіліп жатқанын хабарлады. Оның мақсаты шекарадағы заңсыз әрекеттердің жолын кесу, террористік, контрабандалық және басқа да қылмыстық іске қатысы бар адамдарды анықтау, шекаралық тәртіп мен көші-қон заңнамасының сақталуын тексеру болып отыр.

Сондай-ақ қазақстандық тарап Қырғызстандағы сайлауға байланысты шекарада бақылау күшейтілгенін жеткізді.

Жіберіп алмаңыз: 

Супермаркет күзетшісімен болған жанжалдан кейін балаға дәрігердің көмегі қажет болды

Атыраудағы «ҚазАвтоЖол» бөлімінің басшысы 73 мың АҚШ доллары көлемінде пара алғаны үшін ұсталды

Алматы полициясы бір жасар баласын көшеге тастап кеткен әйелді тапты

Талқылау