Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тальгодағы" адам зорлау: Көлік прокуратурасы апелляцияға берді

"Тальгода" болған зорлау ісіне қатысты көлік прокуратурасы сот шешімін апелляцияға берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сурет: Сергей Миронов
Қостанай көлік прокуратурасы зорлау ісі бойынша апелляция жазды. Бұл туралы еліміздің көлік прокуратурасының бас прокуроры Ернат Сыбанқұлов желідегі парақшасында жариялаған. Ол көлік прокуратурасы соттың шешімімен келіспей, қылмыскерлерге ұзақ мерзімде жаза тағайындалуын сұрады.

"Бас көлік прокуратурасы жолаушыларды зорлау туралы "Нұрлы жол - Ақтөбе" хабарламасымен № 98 пойыздың жолсеріктеріне қатысты сот үкімін зерттеді. Нәтижесінде, Қостанай көлік прокуратурасы сотқа үкімді өзгертіп, сотталғандарға қатаң жаза қолдану туралы өтініш жасады", - деп жазды Ернат Сыбанқұлов.

Естеріңізге салат кетейік, Жолаушы қызды зорлады деп күдіктелген "Тұлпар-Тальго" пойызының жолсеріктері сотта жауап беріп, артынша жолсеріктер ҚТЖ-дан қуылған. Кейін "Тальгода" зорланған әйел ғылым докторы екені анықталды.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 29 Шілде, 2019 21:29
Талқылау