Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тағы бір ірі майнер компаниясы Қазақстанда жұмысын тоқтатты

Тағы бір ірі майнер компаниясы Қазақстанда жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. BitFuFu фермасының өкілдері компанияның кетуіне жергілікті биліктің энергетикалық дағдарысқа байланысты майнерлерді электрмен жабдықтау нормасын енгізуі басты себеп болғанын айтты.

майнинг

BitFuFu Америка Құрама Штаттарын бизнесті дамытудың жаңа орны ретінде қарастыратынын растады және CoinDesk мәліметтері бойынша, жабдықтың бір бөлігін тасымалдап үлгерген. Сондай-ақ BitFuFu өкілі компанияның Қазақстанда жұмыс істеген машиналарын сатуы мүмкін екенін айтты. Бірақ соңғы шешім әлі қабылданған жоқ.

Financial Times басылымының жазуынша, компанияның Қазақстанда орналастырылған құрылғыларының саны 80 мың данаға жеткен.
Бұған дейін электр қуатымен қамтамасыз ету мәселесіне байланысты Xive майнинг фермасы да Қазақстанның оңтүстігінде 2,5 мың құрылғыға арналған дата орталығын жауып тастаған және саланың басқа өкілдері де қоныс аударатын орындар іздеп жатқанын айтқан.



Қазан айында Қазақстан билігі майнерлердің электр қуатын тұтынуын 100 мегаваттқа (МВт) дейін шектеді. Бұл шаралар елге майнерлердің жаппай келуінен туындаған электр қуатының тапшылығына байланысты енгізілген болатын. Кейін шенеуніктер заңды жұмыс істейтін майнерлер электр желісінің тұрақтылығына қауіп төндірмейтін болса, оларға электр қуатын беруді шектемейтіндерін айтты.

Cambridge Centre of Alternative Finance қаржы орталығының мәліметі бойынша, Қазақстан тамыз айында биткоин өндіру бойынша әлемде екінші орынға шықты. Бұл криптовалюталарға қатысты қатаң шектеу шараларының енгізілуіне байланысты майнерлер Қытайдан жаппай кеткеннен кейін орын алды. Осыдан кейін әлемде биткоин өндіру бойынша бірінші орынды АҚШ алса, үшінші орында Ресей жайғасқан.

Талқылау